Сауық Мәсіғұтқызы Жақан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сауық Мәсіғұтқызы Жақан 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жақанов Мәсіғұт, марқұм. Анасы - Жақанова Зайра, марқұм. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог. Доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995). Діни көзқарасы - ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген Қазақстанның келешегіне сенемін». Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қомбаров Мәрлен, экономист. Ұлдары - Қомбаров Саян (1972 жылы туған), Қомбаров Ерлік (1981 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub