Қазақстандағы әскери коммунизм саясаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды.<ref>Ленин В.И. Поли. собр. соч. Т. 35, 210-6.</ref>. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».<ref>Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. 6, 715-6.</ref>.

Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.

Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.<ref>Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы Гражданской войны. Автореферат дис. д.и.н. А.-А., 1970, 15-6.; Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане. А.-А., 1967, 109-6.</ref>.

Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын.<ref>Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 30, 71-6.</ref>. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.

Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.

Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.

Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай

Өнеркәсіптегі және қаржы саласындағы күйзелісті жағдайды, 1918 жылдың көктемі мен жазындағы аса ауыр азық-түлік тапшылығын, сондай-ақ енді басталған Азамат соғысын алға тартып, большевиктер ақталуға, тіпті өздері қалаған тауарсыз утопиясын жүзеге асыру жөніндегі экспериментін барынша ұтымды түсіндіруге тырысты. Ол бойынша коммунистік өндіріс пен болу деп аталатын принципке тікелей көшу жағдайы қарастырылды. Мұндай саясат «әскери коммунизм» деп аталды. Осы идеологияның ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық-болу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделінді. Қарапайым тілмен айтқанда, мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістін еңгізілуін білдіреді.

Мұндай саясат, экономикалық организмді сауықтыруға тіпті де ықпал ете алған жоқ, еңбек тиімділігін көтеруге емес, қайта оны құлдыратуға жеткізді, онсыз да соғыс жылдарының ауыртпалығымен күйі қашқан өндірісті онан әрі аздырып-тоздырды. 1920 жылғы өнеркәсіп санағының деректері бойынша Қазақстанда 891 кәсіпорын жұмыс істемеді, жұмысшылардын жылдық саны 1913 жылғы 20 мыңнан 1920 жылы 8 мыңға дейін азайды.<ref>Очерки истории народного хозяйства Казахской ССР. Т. 1. А.-А., 1959, 13-6.</ref>.

Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді.

Астыққа мемлекеттік монополия мен салғырт ісі Қазақстанда 1920 жылдан бастап кең көлемде жүзеге асырылды. Осы жылдың басында салғырт (ет салымы) әдісі мал шаруашылығында да кеңінен қолданыла бастады.

Мәселен, 1921 жылы Батыс Қазақстанның Орал және Бөкей губернияларында салғырткқа қатысты азық-түлік дайындау органдарының шаруалардың қолындағы малын тартып алуы 120 және 112%-ды құрады.<ref>Отчет Киркнаркомпрода с 21 қазан 1921 г. Б.м., 12-6.</ref>. Бұл жоғарғы көрсеткіш партия органдарының осы фактілер туралы берген есептерінде айтылғандай, тіпті де «малшылардың революциялық құштарлығымен» емес, «пролетариат өкілдерінің» революциялық қыспағымен түсіндіріледі.<ref>КР ҮҒА Тарих жэне этнология институтынын колжазба коры, инв. №43, 78-п.</ref>.

Егін өсіретін шаруашылықтардан астық бір дән де қалдырылмастан түгелімен тәркіленді. 1920 жылы мамыр айының ортасында азық-түлік комитеттері азық-түлік диктатурасын орнату, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен оны бөлуге мемлекет монополиясын орнату туралы жасырын партиялық нұсқау алды.

Шаруаның көктемгі тұқым себу науқаны аяқталысымен, РКФСР үкіметі декрет шығарды (1920 жылғы 20 маусымда), сол декретке сәйкес Сібірдің және Қазақстанның соған шектес азык-түлік салғырты. 1920-шы жылдар аумақтарындағы астық өсіру шілері әскери тәртіппен астық бастыруға және «артық» астықтарының барлығын тапсыруға міндеттелді.

Осы нұсқау бойынша 1920-1921 жылдардағы азық-түлік дайындау науқанында Сібірдегі аудандардан 110 млн пұт көлемінде азықтық жем алынды, онын 35 млн пұты, яғни үштен бірінен астамы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының мойнына түсті. Және бұл 1920 жылғы астықтың өнімділігі айтарлықтай төмен болған кезде жүзеге асырылды.<ref>Декреты Советской власти. Т. 9. М., 1978, 240-243-6.; Продовольственный бюллетень. Омбы, 1920, 2-6.</ref>.

«Әскери бұйрықты» орындауға Халық Комиссарлары Кеңесі Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесіне (ВЦСПС) қарасты Әскери азық-түлік бюросының 6 мың азық-түлік отрядтарын, 9,3 мың азық-түлік дайындау армияшыларын, Орталық Ресейдің, Мәскеудің, Петроградтың, өнеркәсіпті Оралдың ашыққан губернияларының 20 мың жұмысшылар мен шаруаларды жіберді. Сонымен бірге «пролетариат өкілдеріне» мынадай нұсқау берілді: «Артық астығы бар және оны астық құю пункттеріне тасып апармаған барлық адамдар халық жаулары деп жарияланып, Революциялық сотқа берілсін және кемінде 10 жыл түрмеге отырғызылсын, бүкіл мүлкі тәркіленіп, қоғамнан біржолата қуылсын...» (В.И. Ленин).<ref>Декреты Советской власти. Т. 9, 240—243; Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 41, 313-6.</ref>.

Батыс Қазақстанда да ақылға сыймайтын тапсырмалар белгіленді. Астық шығып жарытпаған Орал губерниясында 1920 жылы салғырт бойынша 1,5 млн пұт астық тартып алынды, соның салдарынан мұнда азық-түлік тұтыну тапшылығы 2—2,5 млн пұтқа жетті.<ref>Вторая Киргизская областная конференция РКП(б). Протоколы. А.-А., 1936, 71-6.</ref>. Қазақстанның барлық аймағындағы жағдай осындай еді. Елдің әр түрлі өңірлеріндегі азық-түлік жағдайы туралы жазбасында Лениннің Қазақстанға сілтеме жасай отырып: «Астық шаруалардан түгелімен сыпырылып алынды. Түк қалған жоқ...» деуі тегін емес. Рас, бұл арада ... көсем сұрақ белгісін қояды, шамасы күдіктеніп, мүмкін ұраларды тағы бір сүзіп шығуға болмас па екен деді ме екен?

Соғыс жылдарының салдары, осы кезеңге тап келген табиғат ауыртпалығы (құрғақшылық және т.б.) және ұтымсыз экономикалық саясат ауыл шаруашылығында жаппай сипаттағы қирап, құлдырау үрдісін тудырды.

Егіс алқабы 1914 жылмен 1922 жыл аралығында 2 еседен астамға (3,6 млн десятинадан 1,6 млн десятинаға дейін) қысқарды, астықтың жалпы өнімі 3 еседен астам азайды.<ref>Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 42, 385-6.</ref>.

Мал шаруашылығы саласы да өте ауыр жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі қара малдың саны 2,1 млн басқа, жылқы 2 млн басқа, қой-ешкі 6,5 млн басқа дерлік және түйе 300 экономикалық салдары күйзеліске ұшыраған Батыс Қазақстан (Орынбор губерниясы, Ақтөбе облысы, Бөкей Ордасы) өңірі мен Ақмола облысының бір бөлігін де апатты азық-түлік жағдайына әкеп соқтырды. Бұл өңірлерде eric алқабы 1917 жыл мен 1921 жыл аралығында 55%-ға дейін қысқарды (бір шаруашылықта орта есеппен 5,5 десятинадан 2,7 десятинаға дейін). Өірде азық-түлік тұтыну тапшылығы 10,7 млн пұтты құрады. 1,4 млн адам аштықтан қырылу шегіне жетті.<ref>Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев по КССР с 1880 по 1922 жж. Оренбург, 1925, 68-69-6. 12; Сонда, 44-45-6.</ref>. Аш адамдарға көмек көрсетудің қолға алынуына қарамастан (тек америкалық АРА көмек ұйымының өзі Батыс Қазақстанда көптеген адамдарды, ең алдымен балаларды құтқарып қалды, оларға асханалар мен жүрек жалғайтын пункттер ашты) осындай төбе құйқанды шымырлататын апаттан мыңдаған, тіпті он мыңдаған адам құтыла алмады.

Ауылдар мен деревнялардағы наразылық

Мемлекеттің күштеу саясаты ауылдар мен деревняларда наразылықты одан әрі өршітті. Тұтас алғанда кейбір жағдайларда билік орындары жүргізген әкімшілік террорға өштесу, ашық бүлікке және шаруалар тарапынан қарулы қарсылыққа ұласты. 1920 жылы Қазақстанның көптеген өңірлерінде «Коммунистерсіз кеңестер үшін», «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Коммунистік азық-түлік диктатурасы жойылсын!» деп ұрандаған көтерілісшілер шеруі бұрқ етті. Көтеріліске шыққан шаруалар мұнда отрядтар мен «көтерілісшілер армияларын» құрды. 1920 жылы Семей облысы мен Павлодар уезінде большевиктерге қарсы ірі наразылық шеруі ұйымдастырылып, олар 10 мың адамдық «Көтерілісші халық армиясы» бақылауында болды. 1921 жылғы ақпанда «Сібір шаруалары одағы» бастаған көтеріліс Батыс Сібір өңірі мен Солтүстік Қазақстан аудандарын қамтыды: оған қатысушылар саны 30 мың адамға жетті. Көтерілісшілер уақытша болса да Петропавл және Көкшетау қалаларын басып алды. Қостанай губерниясы аумағында сан жағынан айтарлықтай қомақты «Шаруалардың жасыл армиясы» әрекет етті,бұрынғы Ресейдің қызыл шаруалар армиясы (РККА) дивизиясының командирі А. Сапожков басқарған, өздерін «Әділетті Қызыл армия» деп атаған қарулы отрядтар Батыс Қазақстанда бүлік шығарды. Ашықтан-ашық көтеріп, шаруалардың қарулы қарсылығына ұласқан наразылықтар Қазақстанның басқа губернияларына да таралды.<ref>Ленин В.И. Поли. собр. соч. Т. 45, 282-6.</ref>.

Осы қимылдардың бәрін билік аяусыз қанға бояп басты және кейін Бүкілодақтық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның (ВЧК) есептерінде ол банды-кулактардың әрекеті ретінде бағаланды. Осыған орай, атап өткен жөн, шынында да көтерілісшілермен айқын қылмысты элементтердің де ауыз жаласқаны жиі кездесті, сондай-ақ бірқатар жағдайларда өзінің стихиялы бүліктік сипаты бойынша тұйыққа тіреліп, адамдарды әбден ашу-ызаға булықтырған шаруалар қарсылығы мүлдем ақтауға болмайтын қатыгез әрекеттерге ұласты. Дегенмен мынаны да мойындау керек: көтерілістердің әлеуметтік негізі жаппай сипатта және шаруаларға ғана тән болды, ал оның себебі ауылдың тауар өндірушілерін барып тұрған қаталдықпен кемсіткен «әскери коммунизм» саясатына деген ащы наразылықта еді.

«Азық-түлік майданын» ашып және оны орындауға қарулы «азық-түлік армиясын» аттандыра отырып, Кеңес үкіметі шағын азаматтық соғыспен құтылды, осылайша әскери жағынан ұтқанмен, саяси жағынан ұтылды.

Сөйтіп, 20-жылдардың басында Қазақстанда қалыптасқан жағдай елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы бейнесін ашып көрсетті. Бұл арада да, барлық жердегі сияқты экономикалық қатынастарды қалпына келтіру, жаңа шаруашылық саясатына көшу қажеттігі айқын көрінді.

Оның үстіне большевиктер «әскери коммунизм» саясаты уақытша, азаматтық соғыс жағдайында амалсыз жүргізілген саясат деп үнемі сендіргенмен, ол аяқталғаннан кейін де «тікелей таза социалистік формаға көшу, таза социалистік теңгермешілік» бағытын одан әрі жалғастыра берді.<ref>СУ РКФСР, 1920, №93. Ст. 512.</ref>. Бұдан баяғы сол экономиканы өктемдікпен мемлекет билігіне алу және оның барлық буындарына, өзінің мәні бойынша милитарландырылған басқару әдісін қолдану саясаты айқын көрінеді.

Ірі және орташа өнеркәсіпті барынша «қоғамдастырумен» шектеліп қоймай, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесі (БХШК) 1920 жылдың аяғында, ұсақ қолөнер шеберханаларын қоса алғанда, шағын өнеркәсіп орындарын (жұмысшыларының саны 10-нан немесе 5-тен асатын, бірақ механикалық двигателі бар) мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру үшін қатаң мерзім (бір ай ішінде) көрсетілген нұсқау шығарды.<ref>Ленин В.И. Поли. собр. соч. Т. 40, 141-6.</ref>. Іле-шала әлі қаз тұрып үлгермеген шағын кәсіпкерлік үшін нақ төбеден ұрғандай осы нұсқау «соғыстағыдай тездікпен, соғыстағыдай жігермен, соғыстағыдай тәртіппен» (Лениннің сөзімен айтқанда) жүзеге асырыла бастады.

Экономикадан тыс директивалы-бөлу жүйесін кеңейтуге 1920 жылдың соңы мен 1921 жылдың басында Кеңес өкіметі шығарған коммуналдық (пәтерге, электр жарығына және т.б.) қызмет көрсету төлемдерінің күшін жою туралы, халыққа тамақты және көпшілік қолды тауарларды тегін беру туралы декреттер де «қызмет етті».

Еңбекке ынталандыру ретінде ақшалай жалақы емес, оның орнына коммуналдық қызмет, транспорт, киім, аяқ киім, азық-түлік т.б. үшін карточкалық «паек» беріле бастады. Еңбектің денеге күш түсіретін ауыртпалығы бойынша оның нормасы, бұл ретте оның шекті мөлшері жіктелместен, үш санатқа бөлінді. Осыған жатқызылған, мысалы, паекпен жабдықтаудың 3-санатындағылар, олар жұмысты саналы түрде атқарды ма, кәсіби шеберлігі жоғары ма, жоқ әлде керісінше ме, оған қарамастан «көшке ергеннің баршасы» бірдей сыйлық алды, яғни еңбек өнімділігіне ынталандырылмады, олардың көрсеткіштері «тедестірілген» мәнде ескерусіз қалды.

Паекті болу кезінде басты назар елдегі материалдық ресурстардың барынша шектеулігіне аударылды. Осы ретте мұны азық-түлік паегі туралы декретке байланысты В. Лениннің мына жазбасы дәл сипаттай алады (1920.27. 04). Бұл арада, атап айтқанда былай деп анық жазылған: «Өнеркәсіпті емес қалаларда кеңестік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істемейтін адамдарды айқын бөліп шығарамыз, оларға берілетін паекті қысқарту керек (не өз бақшаңды күтіп-бақ, не кеңес кәсіпорындарына немесе кеңес мекемелеріне жұмыс істеуге бар). Кімде-кім кеңестік кәсіпорындарда, не кеңес мекемелерінде жұмыс істемесе, біз оларды асырап отырмаймыз» деп көрсетеді.<ref>Ленин В.И. Поли. собр. соч. Т. 40, 329-6.</ref>.

Дегенмен, азық-түлікпен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылаудың аса қырағылығына және таптық рухтағы большевиктік «ұтымдылыққа» қарамастан, мемлекеттің жабдықтауына көшірілген халық контингенті тез қаркынмен өсті (1920 жылы мемлекет бағымында 38 млн адам болды). Бұл жағдай шаруалардан алынатын азық-түлік салғыртының одан әрі өсірілуіне алып келді (ауқымы жағынан елдің бүкіл аумағында Кеңес өкіметі белгілегеннен бірнеше есе асып кетті), күн сайын ұлғайып бара жатқан тұтыну қажеттілігіне ілесу мүмкін болмады. Соның нәтижесінде, РК(б)П X съезінде атап көрсетілгендей, жұмысшының азық-түлік нормасы ең төменгі күн-көріс денгейінен 2 еседен астам төмен құлдырады.<ref>Десятый съезд РКП(б). Стеногр. отчет. М, 1963, 357-6.</ref>.

Мемлекеттің халықты азық-түлікпен жабдықтауға қабілетсіздігі (тіпті ең төмен «әркімге бір паектен» принципі бойынша) большевиктер көсемдері қатарынан утопиялық идеяларға көбірек ұрынған радикалдарды шығарды. Мәселен, Мәскеу РК(б)П комитетінің 1920 жылғы қаңтардағы отырысында сөйлеген сөзінде Л. Троцкий партиялас жолдастары алдында мынадай оймен бөлісті: «Адам бойындағы азық-түлік табуға кететін қуаттың 80%-ы туралы мен айтқан қағиданы түбірімен өзгерту қажет. Тамақты қоғамдық тамақтану орындарында ішуіміз керек дегенді теріске шығаруға болмайды, яғни OAK төрағасынан бастап ең жас жұмысшыға дейін, бізде есепте тұрған кеңес қызметкерлері зауыттар мен мекемелердегі қоғамдық асханаларда күштеп тамақтандырылуы тиіс. Бұл тек 80%-ы паек табу үшін жасалатын жеке жағдайларды үнемдеу шарасы ғана емес, сонымен бірге еңбек арқылы қоғамдық тәрбиелеудің мықты мектебі де болар еді. Біздің бүкіл жағдайымыздан туындайтын спартандық тәріздес салтты енгізуіміз қажет.

Біріншіден, жұмысқа келмей қалу деген мүлдем дерлік жойылады. Үстел басында қоғамдық пікір қалыптасады. Кім жұмысқа шықпай қалады, ол тамақтан айырылады».<ref>Троцкий ЛЛ- К истории русской революции. М, 1990, 160-6.</ref>. Сөйтіп тіпті физиологиялық функциялардың өзін «қоғамдастыру» туралы мәселе күн тәртібіне қойылды.

Отынға төленетін коммуналдық ақы дажойылды, басқа да елеулі факторлармен бірге (соғыстан кейінгі күйзеліс) отын дағдарысы күшейді, бір-қатар мұнай және көмір кәсіпшіліктерінің (Доссор, Ембі, Екібастұз, Қарағанды) қалпына келтірілгеніне қарамастан, отын дағдарысы сол қалпында сақталды.

Оны шешуге талпыныс үйреншікті әдістерге: 18 жастан 45 жасқа дейінгілерді жаппай жұмысқа тарту (нақ осындай жолмен Семей облысында отындық ағаш, Перовскіде сексеуіл, Гурьев уезінде қамыс пен тезек әзірленді), қала халқын «отын майданына» жұмылдыру, елдегі барлық көлікті отын тасуға жегу (осындай шарадан кейін Ақтөбе губерниясы уездерінің бірінде шаруалардан тартып алынған барлық арбалар мүлдем жарамсыз болып қалған) әдісіне сүйенді.

Кеңес өкіметі «азық-түлік армияларымен» (адам саны 80 мыңға дейін) бірге, шаруашылық мәселелерін «әскери» жолмен шешудің құралы қызметін атқарған еңбек армиясы деп аталғандарға (армия, батальон, майдан, ұрыс, әскери-жедел міндеттер және т.б. терминдер осыдан кеп шықты) да үлкен үміт артты.

Бірінші Революциялық Еңбек армиясы Л. Троцкийдің тікелей нұсқауымен Шығыс майданның 3 Орал армиясы негізінде 1920 жыддың қаңтарында құрылды. Осы армияға берген өзінің бұйрығында Л. Троцкий оның міндетін: «...Армияның қолбасшысынан бастап қатардағы ең жас солдатына дейін алдында қарапайым, бірақ белгілі бір міндет — отын жару, астық дайындау, отындық ағаш пен астықты темір жолға тасып жеткізу міндеттері тұрғанын есінде сақтауы тиіс» деп атап көрсетті.<ref>Сонда, 159-6.</ref>.

Л. Троцкий бұл арада армиядағы еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігіне қатты қынжылыс білдірді, осыған байланысты бастықтар «бөлімдерге олардың командирлері мен комиссарлары арқылы белгілібір сабақ үйретеді», ал «сабақ үйренбесе командалық және комиссарлық құрамды жауапкершілікке тарту қажеттігін» ескертті. Троцкийдің ұстанар сенімді әдісі «тәубесіне келтірудің қатал жолы» — ату екендігін еске алсақ, қуғын-сүргіннің ауқымды табиғатын көз алдымызға елестетуге болады.

Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің В. Ленин қол қойған қаулысымен (1920 жылғы сәуір) Еділ бойы округі мен Түркістан майданы бөлімдері негізінде Екінші Революциялық Еңбек армиясы құрылды.<ref>Одиннадцатый съезд РКП(б). Стенографический отчет. М., 1961, 274-6.</ref>. Оған да отындық ағаш пен азық-түлік дайындау, ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу, халықты еңбекке жұмылдыру және күш-көлік арбаларын ұйымдастыру және т.б. тапсырылды. Алайда оның ең басты міндеті ретінде Александров Гай—Ембі <ref>КПСС и Советское правительство о Казахстане. 1917—1977 жж. Сборник документов и материалов. А.-А., 1978, 37-38-6.</ref>. теміржолын тарту белгіленді (Орал-Ембі мұнайлы ауданы бұл кезде сұйық отын алынатын бірден-бір кең көзі болатын; осында орталыққа тасып жеткізілетін 10 млн пұттан 14 млн пұтқа дейін мұнай қоры жинақталды).

Бұл арада Ембі мұнай құбырын салуға және ондағы мұнай қорын тасуға өкіметтің жұмылдыруымен тартылған бүкіл халықтың да «еңбек армиясының жауынгерлері» бастан кешкен жағдайғатап болғанын айтқан жөн. Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен (әрине, Ленин рұқсат еткен) «мұнайды күш-көлік арбамен жеткізуді ұйымдастыру бағытында жұмыс істейтін барлық адамдарды тұрақты әскери қызметке тартылғандар деп есептеу» жүктелді, барлық жұмысшылар мен қызметшілер сияқты «мұнай құбырын салуға тартылғандар... жұмылдырылғандар болып табылады» деп есептелді (1920 жылғы сәуір).<ref>КПСС и Советское правительство о Казахстане. 1917—1977 жж. Сборник документов и материалов. А.-А., 1978, 33, 35-6.</ref>. Демек, Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің «Сібірдің Түркістанның және шалғайдағы басқа да өңірлердің орыс емес азаматтарын Қызыл Армия қатарына шақыру туралы» қаулысына (1920 жылғы мамыр) (әртүрлі шовинистер бұған қарсы шығып, мұның практикаға енгізілуінің айтарлықтай қиын болғанын байқаймыз) дейін де Орал-Ембі мұнайлы ауданымен іргелес аймақта тұратын қазақ тұрғындары «тұрақты әскери қызметке» (бүгінгі түсінікпен айтқанда шағымдану арқылы, құрылыс батальонына) өз еріктерінен тыс тартылды.

Мемлекеттің өктемдігі қызметі ауыл шаруашылығында да кең етек алды. Өкімет аграрлық өнімдерді дайындаудың барлық түрлеріне (жүннен жылқы қылына дейін) орнатылған қатаң монополияға да толық қанағаттанбады. Шаруа шаруашылықтары саласына командалық қол сұғу басталды. Тұқым себу, жер өңдеу, астық жинау және т.б. сияқты таза өндірістік жұмыстар мемлекеттің бақылауына көшті.

Соз жоқ, әзірге шаруа меншік иесі болып тұрғанда және жеке шаруашылығын жүргізіп отырғанда, оның үйреншікті тіршілігіне бақылау жасау оңайға түскен жоқ еді, өйткені шаруашылық жүргізуші субъектінің әрекеттерін тек экономикаға негіздеу тетігін енгізу арқылы ғана тиімді болатын.

Алайда большевиктер бұл арада да мемлекеттің күшіне сенді, оның үстіне «ол ала алмайтын ешқандай қамал жоқтығын» (И. Сталин) талай реталға тартып, «пролетариат диктатурасы» ретінде өзін даралап көрсетуін жалғастыра берді.

Көп ұзамай тұқым себуші комитеттер үлгісіндегі әр түрлі құрылымдар (әр түрлі аумақтық денгейдегі тұқым себушы комитеттер) құрыла бастады, тұқым себу мен астық бастырудың, астық салғыртының және т.б. мемлекеттік жоспарлары бекітілетін болды. Шаруаға тұқымды қашан себуге, қашан жинап алуға және астықты қайда тапсыруға Адам ата мен Хауа ана заманынан бергі кезеңде, шамасы, тұңғыш рет Кеңес елінде бұйрық берілген болар. Кеңес өкіметі нақ осындай өнеге көрсетті. Қазақстанның ауылдары мен деревнялары мемлекеттік өктемсудің иіріміне бата берді. Шенеуніктер іс жүзінде «тұқым себу апталығы», «астық бастырудың қызыл он күндігі» сияқты таусылып болмайтын террорлық әрекеттер ұйымдастырып, ауылдар мен деревняларды «аграрлық майданның» құрсауына алды.

Қоғамның перманентті революциялық серпілісі мен бұқара халықты ынта-жігеріне ден қоюды көздейтін осындай барлық идеологиялық іс-шараларды халық ідітей жеккөрушілікпен қабылдады. Алайда «миссионерлер ізінше жазалаушылар келер» дейтіннің өзі болды да шықты. Бұйрықты тыңдамағандар дереу қатаң жазаланды. Қорқыныш шаруаның бойын билеп алды,оның шаруашылық жүргізуге деген ынтасы судай басылды. Ауылдар мен қыстақтар өз өмірін мемлекеттік кабинеттерде регламенттелген тіртіппен құратын болды. Оның есесіне шенеуніктерге тұқым себу, астық бастыру, басқа да азық-түлік салғырттарын орындау туралы әр түрлі есептер жазу жұмыстары көбейді. Етек алған науқандар туралы аз да болса түсінік қалыптастыру үшін оның кейбір мысалдарын келтіре кетейік. 

Алматы уездік тұқым себу комитетінің уәкілетті өкілі өз рапортында дән ризашылықпен былай деп жазды: «Тұқым себу комитеті ұйымдастырылған күннен бастап жұмыс қызу жүргізілді және тұқым себу науқанына дайындық басталды. Халық 10-15 және 20 аула бойынша бірікті. Қолданыстағы және жылжымайтын мүлік, еңбекке жарамды күштер мен тұқым есепке алынды, ұсталарды, ағаш шеберлері мен доңғалақ жөндеушілерді жұмылдыру болыстар бойынша өткізілді, жұмылдыру бойынша болыс тұрғындарына арналған мүліктерді түзету (автордың мәтінінде осылай. —авт.) жұмысы қолға алынды, ал болыс тұрғындары өздеріне бөлінген алқаптарға тұқым септі. Болыс тұрғындары кеңседегі жұмысына байланысты тиісті тұқымдарын себуге мүмкіндігі болмаған барлық қызметшілерге арналған алқаптарға да тұқым септі». <rer> Советское строительство в аулах и селах Семиречья. 1921-1925 жж. Сборник документов и материалов Часть I. А.-А., 1957, 66-67-6.</ref>.

Жетісу облыстық комитетінің тезистерінде былай деп атап көрсетілді: «... Біз алқаптағы барлық астықты жинап алуға, оның бәрін уақытында, кешіктірмей 100% бастыруға, күздік дақылдарды облыстық тұқым себу комитетінің тапсырмасы бойынша, барлығын салғыртқа сәйкес 100% себуге міндеттіміз. ...Осы үлкен үш тапсырманың бәрін бірдей ойдағыда орындау үшін .., облыстық комитеттің қаулысымен барлық облыс бойынша «азық-түлік айлықтары» жарияланды, яғни облыстағы бүкіл өндіргіш күш, адамдар, көлік күші, сондай-ақ бүкіл жылжымайтын жиын-терім материалдары (кеңес шенеунігінің үйреншікті болмысы. — авт.) тұқым себу науқаны уақытында жүргізілуі үшін және күзде алқапта (алқаптың тіпті де ұжымдық шаруашылықтікі емес, олардың нақты иесі бар екенін, бәрін де солар үшін облыстық комитеттің дағарадай мекемелерінде отырғандар шешетінін көреміз. — авт.) бірде-бір масақ қалмайтындай етіп толық пайдаланылуы тиіс». Дәл осы жерде де шаруаны қалай жұмыс істеуге үйретеді: «Астық екі рет тасымалданбасын (әуелі шөмелеге, содан кейін қырманға), бірден қырманға жеткізілсін және астықтың ысырабын азайтындар, құрғақ дән таза бастырылады, ол ысырапты үнемдеуге көмектеседі» <ref>Сонда, 81-6.</ref>.

«Пролетариат диктатурасы дегеніміз қанаушы тапты жаншу құралы» ұранымен большевиктер халықтың бүкіл тобын езіп-жаншитын машинасын іске осты. Егер халықтың бір тобы үшін мемлекет олардан экономикалық қатынастардың бүкіл құрылымдары мен меншігін тартып алуы арқылы көзсіз басыну объектісі болып шыға келсе, басқалары экономикадан тыс мәжбүрлеудің (жалпыға бірдей еңбек ету борышы, еңбекке жаппай жұмылдыру және т.б) құрбандығына айналды. Пролетарлық мемлекеттің қалыптасып келе жатқан «әлеуметтік әділетсіздігі» туралы коммунистік партияның теоретиктерінің бірі Н.И. Бухарин былай деп жазды: «Пролетарлық мәжбүрлеу өзінің бүкіл болмысы бойынша, атып тастаудан бастап еңбекке деген борышын сездіруге дейін... азаматтың қанын сығып алу болып табылады».<ref>Бухарин Н.И. Проблемы теории и практики социализма. М., 1989, 168-6.</ref>. «Әлеуметтік-таптық әділеттік қоғам» орнату үшін шеберханалар ретінде ЧК-ның түрмелері, азаптау лагерьлері мен шет-шеті жоқ Далиган «еңбек майдандары» қызмет етті.

Мұқтаждық пен қасіретті бүкіл халық сезінді (әрине, партия-кеңес қызметкерлерінен басқа) — мұның өзі «большевиктік тендіктің» мәнін іс жүзінде түсінудің алғашқы нәтижесі еді. Мемлекет «еркіндік патшалығының алтын қақпасына» апаратын жолды өз кезегінде оған деген өшпенділік, ашу-ыза, кек, жеккөрушілікпен жауып тастады.

«Аса мәртебелі жұмысшы табы» қоғамының жасампаздық рөлі мен мәртебесі, оның «әлеуметтік артықшылығы» жайлы большевиктер ұрандатумен болды, содан кейін оны өзінің билік етуші мүддесі мен мақсаттарына пайдаланды.

Большевиктік насихат қоғамды әр түрлі әлеуметтік жікке бөліп, оларды арасындағы алауыздықты өршітгі. Мәселен, «орақ пен балғанын біртұтас және мызғымас одағы» ретінде өзінің таптық көзқарасының дұрыстығына берік сенген жұмысшы, солдат және еңбекші шаруалар мемлекеті отындық ағаш дайындауға және басқа да ауыр қара жұмыстарға «буржуазиялық» интеллигенцияны салып қойды. Соның нәтижесінде оның көптеген өкілдері моральдық террорға шыдай алмай Отанын тастап кетті.

«Кедей-бай», «Кеңес өкіметіне шын берілген немесе қарсы», «белсенді немесе енжар» принциптері бойынша әлеуметтік топтар ішіне бөліну мен ажырасу рухы себілді, мұның өзі аз да болса сақталып келе жатқан топ аралық тұрақтылық пен тепе-тендікті тас-талқан етті, дәстүрлі ынтымақты-топтасқан қатынастардың аражігін ашып жіберді.

«Революциялық батылдықпен» экономикалық зандылықтарды белден басып, мейлінше тиімсіз нарықтық емес даму жолын қолдан жасап, тауар-ақша қатынастары мен сауда-саттық факторларын көзге ілмей, сөйтіп елдің экономикалық өмірін ортағасырлық томаға-тұйық натуралды шаруашылыққа оралтып, большевиктер тауарсыз утопияны іс жүзіндегі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерді. Қоғам осы тәжірибесі үшін қатты зардап шекті (оның біріншісіне ұқсас келесі көрінісі — ұжымдастырудан кейін елдің адымын алпыс жыл бойы тұсады және алғашқысынан да көп құрбандыққа ұшыратты).

Алайда өкімет халық алдында қандай да бір өкініш білдірген жоқ. Тек партия жиналыстарында «қалайда жақсы және тез атқаруға тырыстық», «коммунизмге даңғыл жол жоқ», «құрбандықсыз революция болмайды» (жарқын болашақ үшін құрбандықтың қайсысына болсын төзуге шақырған большевиктік даурықпа үранды кеңес халқының бүкіл ұрпағы үнсіз мойындады) деген сияқты ақталу сипатындағы сөздер айтылды.

Ленин: «Біз тиянақтап есептеп алмастан, ұсақ шаруалы елде өндірісті қайта құрып, дамытуды және өнімді бөлуді пролетарлық мемлекеттің тікелей жарлықтары арқылы коммунистік тұрғыдан жолға қоймақшы болдық, немесе солай деп жорамалдадық» деп жазды.<ref>Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 44, 151-6.</ref>. Есептер орасан зор қателіктерге ұрындырды. Елде экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар белең алды. «Әскери коммунизм» саясаты мен оның тауарсыз утопияға сүйеніп жүзеге асырылуының ең басты қорытындысы, міне, осы.

Дереккөздер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4 ISBN 978-601-282-026-3

Дереккөздер

<references/>