Азамат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] — 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді.
Азамат ұғымын кәмелеттік жағынан талдау салыстырмалы сипатта болып келеді. Себебі табиғат, орта, дәстүр, заман ағымы, өмір сүру ерекшеліктері әр елде, әр жерде әртүрлі және ол бірыңғай болып тұрмайды. Соған орай кәмелеттілік жас мөлшері де әр елде, әр кезеңде әрқилы. 16 ғасырда Англияда жасөспірімдер қолөнершілік кәсібін игеру үшін тәрбиеші-ұстаз бақылауымен 7 жыл оқыған. Шәкірттер үшін сол ұстаздары жауап берген. Мұнда “кісі 23 жасқа жетпейінше, ол көбіне өзін-өзі басқаруға, дұрыс ой қорытындыларын жасауға әлі тәжірибесі жеткіліксіз, көбіне алыпқашпа сезімдердің жетегінде болады” деп есептеген. Сондықтан да олар оқуын бітіріп, 24 жасқа толған соң ғана үйленуге, өз бетімен қызмет атқаруға құқылы болды.
Мұрагерлік билік заңы үшін кәмелеттілік негізгі мәнге ие бола қойған жоқ. Мұнда жеке тұлғаның қоғамдағы хал-ахуалы оның жасына емес, әлеуметтік шығу тегіне, байлық дәрежесіне байланысты еді. Әйтсе де шығыс халықтары кәмелеттік жасқа ертерек толатыны айқын. Мұны халық ауыз әдебиеті үлгілерімен бірге жазба деректер де айғақтайды. Мысалы, “Күлтегін” кіші жазуында (732 ж.): “Он жаста, шешем Ұмай текті ананың бағына, інім Күлтегін ер атанды. Он алты жасында ағам қағанның ел-жұртын сонша меңгерді. Алты баулы Соғдаққа қарсы соғыстық, талқандадық. Табғаш Оң тұтықтың елу мың әскері келді, Күлтегін жауға жаяу ұмтылды. Оң тұтық басшыларын жорықты нөкерімен қолға түсірді... Жиырма бір жасында Чача сеңүнмен соғыстық... Оның жауға қалай тигенін, түркі бектері, жақсы білесіңдер...” деген жолдар Күлтегіннің 10 жаста ұрандап жауға тиіп, 16 жаста ел бастауға да, қол бастауға да жараған азамат болғандығына куәлік береді. Азамат ұғымының дара тұлғалық мәніне де мысал бола алатын мұндай тарихи деректер шығыс халықтарында, соның ішінде түркі қауымдарында көптеп кездеседі.
Қазақстанда қазір 16 жастан бастап ресми түрде мемлекет азаматтығына қабылданады (паспорт беріледі), ал үйленіп, отау құруға 18 жастан (Украина мен Өзбекстанда 17 жастан) ғана рұқсат етіледі.
Қазақстан азаматтарының қоғамдағы орны мен негізгі құқықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ-бөлімінде белгіленген.

Азамат

Құқықта — сәздіңтар мағынасында - аталмыш елдің азаматтығын алған, конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттердін барлық жиынтығына ие адам. Бұл сөздің кең мағынасында - өз кадірін сезінетін, саяси және құқықтық мәдениетті меңгерген, «отанының лайықты ұлы» атағына сай және аталмыш мемлекеттің заңдарына бағынатын әнегелі адам. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдары тұлғасында республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардын тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күшкүдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

 Азаматтық қорғаныс

Басқару органының мемлекеттік жүйесі және бейбіт және әскери уақытта тұрғындарды, шаруашылық нысандары мен елдіңаумағын қазіргі заманғы жойқын құралдардын талкандау (бұзып-жою) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында өткізілетін мемлекеттік іс шаралардын жиынтығы.

Азаматтық жауапкершілік

Азаматтық құқық нормаларымен бекітілген заңдық жауапкершілік түрлерінін біреуі; басқа адамның субъективті азаматтық құқықтарынын бұзылуымен байланысты, азаматтық құқықпен қарастырылған міндеттерді адамның орындамауының немесе тиісті жолмен жүзеге асырмауының...

Азаматтық құқықтар мен міндеттер

Заңмен және басқа құықтық актілермен, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерімен қарастырылған негізде туындайтын азаматтыкқ құқық субъектілерінің мәртебесін құрайтын күзыретгін жиынтығы.

Азаматтық құқықтар мен бостандықтар

Азаматтың қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне қатысу мүмкіндігін анықтайтын, мемлекет азаматының конституциялық-құқықтық мәртебесінің негізі. Сонымен бір дерлікте, негізгі азаматтық құқықтар мен бостандыкқтар, қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың, бәрінен бұрын БҰҰ-ның қалт етпейтін назарында болады.

Адамның азаматтық құқықтары (конституциялық) </small>

Адам кұкы мен бостандығының жатсынуға жатпайтын,табиғи жиынтығы. Олар оның толық қанды (тәні сау, психологиялық, моральдық рухани) өмір сүруін қамтамасыз етіп, езін еркін сезінуге мүмкіндік береді. Бұл өмір сүру, жеке қадір-қасиетінің қорғалу, бостандығы мен жеке өміріне қол сұғылмаушылық, тұрғын үйіне қол сұғылмаушылық, елдің ішінде еркін қозғалу, оның шегінен еркін шығу мен қандай да бір кедергісіз оралу құқығы. Азаматтық құқықтарға соттық қорғау кепілдігі, білікті сот көмегін алу, кінәсіздік презумпциясы шектесіп жатады.

Азаматтық неке

Мемлекеттік биліктің тиісті органдарында рәсімделмеген неке. Мұндай некені, көбінесе іс жүзіндегі неке деп атайды.

Азаматтық талап; қуыным

Құқықта — қылмыс нәтижесінде материалдық залал шеккен жеке немесе заңды тұлғаның (азаматтық қуынушының) кінәліге мүліктік талап қоюы. Қылмыстық істі жүргізудін жалпы тәртіптері бойынша, қылмыстық іспен бірге қарастырылады.

Азаматтық талапкер

Өзіне қатысты тікелей қылмыспен мүліктік залал келтірілді деп ұйғаруға жеткілікті негіз бар және оны өтеу туралы талап қойған жеке және заңды тұлға. Азаматтық талапкер моральдық зиянды мүліктік өтеу үшін де талап қоя алады.

Азаматтық жауапкер

Қылмыстық іс жүргізуде — қылмыс салдарынан келген залал үшін материалдық жауапкершілік шегетін адам. Азаматтық жауапкер сапасында ата аналар, қамқоршылар, жанашырлар немесе басқа адамдар, сонымен қатар заң күшімен кінәлінің қылмыстық әрекеттерімен келтірілген залал үшін материалдық жауапкершілік шегетін мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар болуы мүмкін.

Азаматтық кодекс

Бір тарапты екіншісіне, сондай-ақ салық және бюджеттік қатынастарды әкімшілік бағындыруға негізделген қатынастардан басқа, заңды тұлғалар мен азаматтардын мүліктік және онымен жеке мүліктік емес қатынастарымен байланысқан істерді реттейтін азаматтық құқық нормалары бар жүйелендірілген заңнамалық акт.

Азаматтық айналым

Міндеттемелік құқықтың шарттық және шарттан тыс институттары арасына келтірілген, экономикалық айналыстын азаматтық-құқықтық айтылуы. Азаматтық айналымның қатысуылары ұйымдар, өздерінің табыстарына иелік ететін және түрліше мүліктік құқықтық, қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар болып саналады

Азаматтық іс жүргізу

Азаматтық іс жүргізу құқының нормаларымен бекітілген соттың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі, сонымен қатар сот және кейбір бақка органдардың қаулыларын орындау тәртібі. Азаматтық іс жүргізуге заңмен рәсімделген әділ сотты жүзеге асыру бойынша сот қызметі, сот орындаушысының қызметі, сот өндірісінің барлық қатысушылары мен сот өндірісі барысында туындаған заңдық қатынастар кіреді.

Азаматтық іс жүргізу  кодексі 

Азаматтық істер бойынша іс өндірісінің тәртібін бекітетін жүйелен-кірілген бірыңғай заңнамалық акт.

Азаматтық іс

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық және заңдық мүдделерін қозғайтын азаматтық құқықтар туралы талас бойынша іс; заңмен қарастырылған жағдайларда - азаматтардын құқына қысым жасауды өкілеттіктерді бұза отырып жүзеге асырған басқару органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне арыз бойынша іс; сотта қаралып шешілетін заңдық маңызы бар фактілерді бекіту туралы іс.

Азаматтық бағынбау

Тұрғындардың немесе адамдар Tобының қандай да бір әрекетке қарсын аразылық белгісі ретінде биліктін өкімдерін орындаудан бас тартуы.

Азаматтық құқық

Азаматтық айналысқа қатысушылардың (оның негіздеріне мәмілелер әкімшілік актілер, азаматтық [[құқық бұзушылықтар және т.б., сондай-ақ меншік құқығы, авторлық құқық өнертап қыштық құқық, жаңалық ашу құқығы, мүлікті иелену және өкімдік ету бойынша қатынастар) мүліктік және сонымен байланысқан жеке мүліктік емес қатынастарды (мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау) реттейтің құқықсаласының нормалары.

Азаматтық іс жүргізу құқығы

Соттың азаматтық істерді талқылау және шешу тәртібін, сонымен қатар соттардың және кейбір басқа органдардың қаулыларын орындалу тәртібін белгілейтін құқық саласы. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары соттың, сот орындаушысының және барлық іс жүргізуге қатысушылардың қызметін реттейді.

Азаматтық

Адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатыстылығы. Мемлекет пен оның билігі астында болатын адам арасындағы өзара қатынастар түрінде көріңеді: мемлекет азаматқа оның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, шетелдерде оны қорғауға және жанашырлық танытуға кепілдік береді. Өз кезегінде азамат заңдарды, мемлекеттің басқа жазбаша өкімдерін, ол бекіткен міндеттерді орындауға міндетті. Бұл құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, азаматтың (азаматтығы жоқ адамдардан айырмашылығы) саяси құқықтық мәртебесін құрайды.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}