Халуат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халуат, Қылует («жалғыз қалу»,«тыныш, таса жерге тығылу») – рухани жалғыздық, қоғамнан «жырақ», жеке дара өмір сүруді, тәні халық арасында, жаны рухымен Хақпен бірге болу. Сопылықта муридтің санасын белгілі мақсатқа бағыттау. Сол үшін шайх муридін қараңғы,сыртқы әлемнен жырақ орындарда яғни,жерден қазылған мекенде, белгілі уақыт ішінде зікірлер, арнайы рухани жаттығулар арқылы тәрбиелеуі. Қалбты (жүректі) бөтен сенімдерден, жаман әдеттерден арылтуды, құтқаруды да халуат дейді. Атақты суфи Кашани, муридтің өзін Аллаһқа арнап, Одан басқа барлық нәрседен қол үзуін халуат дейді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub