Зікір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зікір (арабша еске алу, еске түсіру, жадына сақтау) – 1) сопылық ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Зікір уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен айтылады. Жүректің зікірі, яғни “қалби зикр” – көңіл арқылы Алла тағаланың сипаттарының сәулесін танып білу; Алланы әрдайым еске ала отырып, оның әмірлерін терең түсіну және ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз сезіммен оны құлай сүю. Тілмен айтылатын зікір, яғни “лисан-и зикр” – Алла сөзін немесе “Лә иллаҺа иллаллаҺ” тіркесін қайталап айтудан тұрады. Тариқатта сопылар жиналып, шейҺ немесе пірлердің бақылауында “АллаҺ-АллаҺ”, “Һу-Һу”, “хай-хай” сияқты тіркестерді белгілі бір жүйемен қайталап отырады. Зікір дауыстап айтылатын “жаҺри зикр”, үнсіз салынатын “Һафи зикр” болып та бөлінеді;
2) бақсылардың сырқатты “емдеу әдістерінің” бірі. Ол үшін бақсы ” жын-перілерді” шақырып, зікір салған. Зікір салу қазақ халқы арасында Қазан төңкерісіне дейін орын алып келген.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зікір|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}