Кашани

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кашани<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>, Абд әр-Раззақ Камал әд-Дин бин Аби’л-Ғанаим Кашани (туған жылы белгісіз – 1329) – сопылық дәстүрдің көрнекті өкілі.
  • Ол туралы Абд әр-Рахман Жәми оның Нури әд-Дин Абдас Самадтың шәкірті екенін, Руин әд-Дин Ала’әд-Дин Дауламен (1336) хат жазысып, пікір таластырғанын айтады. Бұл пікірталастың негізгі себебі – әйгілі сопы, уахдат әл-вужуд ілімінің негізін салушы Әбу Бәкір Мұхаммед ибн әл-Арабидің сунниттік бағытта бар-жоғы мәселесіне қатысты еді.

Оның ибн Арабиді жақтап, оның ілімінің сунниттік бағытқа ешқандай қарсы келмейтіндігі жөнінде жазылған хаты Жәмидің еңбегінде толық келтірілген. Ол Құран Кәрімге түсініктеме жазып, бұл “Тауилат ал-Ислам” деген атпен жарық көрген. ибн Арабидің жолын ұстанып, ізбасары болған Кашани, оның “Фусус әл-Хикем” атты шығармасына және Харауидің “Маназил ас-Саирин” атты еңбегіне түсіндірме жазды. Кашанидің “Латаиф әл-Илам”, “Рисала фи’л-Қада уа’л-Қадар”, “Истилахат ас-Суфийа”, тағы басқа еңбектері бар.

  • “Рисала фи’л-Қада уа’л-Қадар” атты трактатында тағдыр (қада, қадар) және адамдағы “шектеулі ерік (ирада-и жузи)” мәселесіне тоқталып, талдау жасайды, Кашанидің негізгі еңбегі – “Истилахат ас-Суфийа” атты сопылық атаулар сөздігі. Кіріспе бөлімінде автор кітапты бұрынғы түсіндірмелері мен трактаттарында кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды толықтыру мақсатында жазғанын айтады. Расында, бұл сөздігінде ол сопылық ілімнің кейбір астары ашылмаған, бұлыңғыр атауларының мән-мағынасын жіті ашып, ислами қағидаларға сай қысқа да нұсқа түсіндіріп берді. Жалпы оқырманға ауыр соғатын ибн Араби ілімі де Кашани еңбегі арқылы айқындалып, түсінікті бола бастады. Кашани еңбектері сопылық тарихын зерттеушілер үшін аса құнды дерек көздерінің бірі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кашани|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}