Фатима Жұмағұлқызы Балғаева
Үлгі:Музыкант Фатима Жұмағұлқызы Балғаева (5 мамыр 1926, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы — 2005, Алматы) — қобызшы, Қазақстан халық әртісі (1981). Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Алматы консерваториясын бітірген (1950). 1942 жылдан Қазақ халық аспаптар оркестрінде өнер көрсетті. Балғаева аса шебер қобызшы ретінде халықтың ән, күйлерімен бірге Қазақстан композиторлары (Е.Г.Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Қ.Мусин, т.б.), Батыс Еуропа классиктерінің шығармаларын төрткүл дүниеге таратты. Балғаева — Берлинде өткен бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің фестивалі байқауының лауреаты (1951). Бухарестегі жастар мен студенттердің фестиваліне қатысты (1953). Мәскеуде өткен фестивальде Мәскеудің «Үлкен» театрында симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен А.Жұбановтың қобызға арнаған “Көктем вальсін” орындап, лауреат атанады (1957). 1960 жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық қызметін атқарып келді (1978 жылдан профессор). Сексенге жуық шәкірттер тәрбиелеген, олардың ішінде М.Қалембаева, Г.Ізтілеуова, Р.Нұртазина, З.Бисембаева, Н.Сиражев, К.Ахметова, т.б. бар. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>
Кәсіби қобыз өнерінің негізін қалаушы, қобызды әлемге паш еткен қобызшы ұстаз Фатима Жұмағұлқызы Балғаева 2005 жылы дүниеден озды.
Дереккөздер
<references/>