Уәлихан Қалижан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәлихан Қалижан (18 наурыз 1948 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жангелді ауылы) - журналист, жазушы, филология ғылымдарының докторы (1999), ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Білімі

  • 1971 жылы Қаз-МҰУ-ды
  • 1978 жылы осы оқу органының аспирантурасын бітірген.

Қызмет жолы

  • 1971 — 1978 жылдары «Жетісу» газетінде меншікті тілші, аға тілші
  • 1978—1980 жылдары Қазақстан ЛКСМ ОК-тінде нұсқаушы, баспасөз секторының меңгерушісі
  • 1980 — 1986 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің редакторы
  • 1986—1994 жылдары «Жас Алаш» газетінде редактор
  • 1995—1996 жылдары ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрінің орынбасары
  • ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары
  • 1996—1998 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы
  • 1998— 1999 жылдары ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы болып қызмет еткен.
  • ҚР Парламенті Мәжілістің ІІ, ІІІ, IV шықырылымдарының депутаты.

Шығармалары

  • «Президент»
  • «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым»
  • «Жәдитшіл жырлар»
  • «Шеңбер» атты прозалық кітаптары
  • шығармаларының бес томдық жинағы жарық көрген.
  • Г.Гулияның «Омар һаям туралы» романын қазақ тілше аударған.

Марапаттары

  • ҚР еңбек сіңірген қайраткері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>