Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов
Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов (2 тамыз 1947, Көкшетау облысы) — қазақстандық және кеңестік мемлекет, қоғам қайраткері. Мәжіліс депутаты (2016—2021).
Мазмұны
Өмірбаяны
1947 жылы 2 тамызда Көкшетау облысы, Чистопол ауданы, Луганка ауылында дүниеге келді.
Білімі
1966 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру колледжін “техник-механик”, 1974 жылы Мәскеу қаласындағы Комсомол ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін “тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі” және 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын “агроном-ғалым” дәрежелерімен тәмамдады.
Мансабы
1967—1967 — Көкшетау облысы, Куйбышев ауданы, «Червонный» совхозының механизаторы;
1967—1968 — Целиноградтағы «Қазақсельмаш» зауытының слесары;
1968—1970 — Көкшетау облысы, Рузаевка ауылындағы №81 СПТУ өндірістік оқыту шебері, СПТУ комсомол комитетінің хатшысы, Рузаев аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы;
1975—1980 — Рузаев аудандық комсомол комитетінің екінші, содан кейін бірінші хатшысы;
1980—1985 — Көкшетау облысы, Рузаев ауданының 15-съезі атындағы совхоздың партком хатшысы;
1985—1990 — КОКП облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы, жауапты ұйымдастырушысы;
1990—1990 — Көкшетау облысының Чистополь аудандық партия комитетінің екінші хатшысы;
1991—1992 — Чистополь ауданының меншік мәселелері жөніндегі кеңесінің бас маманы;
1992—1993 — Чистополь аудандық халық депутаттары Кеңесінің бастығы;
1993—1994 — Чистополь ауданы әкімінің бірінші орынбасары;
1994—1996 — Көкшетау облысы, Ленинград ауданының әкімі;
1996—1998 — Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің аппараттарында нұсқаушы, меңгерушінің орынбасары, ұйымдастыру-кадр бөлімінің меңгерушісі;
1998—1999 — Солтүстік Қазақстан облысы, Гавриловка ауылындағы “Көкалажар” ЖШС директоры, Рузаевка ауылындағы Рузаев ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының директоры;
2000—2003 — Ақмола облысы әкімінің “Шаруашылық басқармасы” МКҚК бастығы;
2003—2013 — Ақмола облыстық мәслихаты аппаратының басшысы;
2013—2014 — Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі;
2014—2021 — Қазақстан халық партиясының хатшысы;
2016—2021 — Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VI сайланым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, 3 ұлы бар — Олжас (1968 туған), Олжар (1974 туған), Олжан (1985 туған).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Президентікке үміткерлігі
2015 жылы 4 наурызда Сыздықов Қазақстан халық партиясынан президент сайлауына ұсынылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
10 наурызда қазақ тілінен міндетті емтиханды сәтті тапсырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
17 наурызда президент сайлауына ресми үміткер ретінде тіркелді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
27 наурызда Сыздықовтың сайлауалды бағдардарламасында оның сенімді өкілі Елнұр Бейсенбаев елдің стратегиялық объектілерін мемлекет меншігіне алу үшін, барлық ұлттық компаниялар мемлекет пен халықтың игілігі үшін жұмыс істеуі үшін жоспарлы нарықтық экономикаға ұмтылатындарын айтты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Орталық сайлау комиссиясының 28 сәуірде жариялаған нәтижесі бойынша ол 145 756, яғни 1,61 % дауыс жинады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (1979);
- Құрмет ордені, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016).