Театр көктемі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Театр көктемі" - 1950 - 60 жылдары өткен шығармашылық байқаудың бір түрі. Әдетте көктем айларында (сәуір-маусымда) откізілді. Оған республикалық, өлкелік және облыстық театр ұжымдары қатысып. өткен маусымдағы таңдаулы спектакльдерін керермендердің сарабына салды. Қазақстанда алғаш рет мұндай байқау 1957 ж. мамыр-маусым айларында "Қазақ театр көктемі" деген атпен Алматы қаласында өткізіліп, 1-орынды Атырау облыстық драма театры С. Мұқановтын "Ботагозі" бойынша қойған спектаклімен (реж. Т.Дүйсебаев) жеңіп алды: ал 1958 ж. өткен 2-байқауда бұрынғы Семейдің біріккен облыстық драма театрынын труппалары (Ә.Тәжібаевтын "Майрасы", Н.В. Гогольдін "Ревизоры", қазақ труппасы; М.А. Шолоховтың "Көтерілген тыны" бойынша, Л.Н. Толстойдын "Қаранғылық патшалығы", орыс труппасы), Орал облыстық орыс драма театры (Цао Юйдің "Дауылы), Солтүстік Қазақстан облысы орыс драма театры (Н.Е. Виртаның "Жазирасы") және Шымкент облыстық драма театры (Ә.Әбішевтің "Кім менің әкем?" мен О. де Бальзақтың "Огей шешесі") Қазақстан Мәдениет минлігінің 1-дәрежелі дипломына ие болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}