Атырау облыстық драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Атырау облыстық драма театры.jpg
Атырау облыстық драма театры

Атырау облыстық драма театры, Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық музыкалы қазақ драма театрыҚазақстандағы байырғы театрлардың бірі. Іргесі 1938 ж. қаланған, оның құрамына сол жылы Петропавл, 1948 ж. Орал театрының труппалары келіп қосылды.

Театр шымылдығы М.Әуезовтің “Түнгі сарын” қойылымымен ашылып, кейін ұлы жазушының “Абай”, “Қарагөз”, “Қарақыпшақ Қобланды”, “Еңлік-Кебек”, “Айман-Шолпан”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, К.А. Треневтің “Любовь Яровая”, Шекспирдің “Асауға-тұсау” пьесалары қойылды. А.Б. Александровтың “Малиновкадағы той”, У.Гаджибековтің “Аршин мал алан”, В.Б. Вишневскийдің “Оптимистік трагедия”, К.М. Симоновтың “Орыс мәселесі”, Назым Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер” т.б. спектакльдерін театрдың елеулі табысына жатқызуға болады. Ұлттық драматургиядан Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, Б.Майлинмен бірігіп жазған “Амангелді”, С.Мұқановтың “Бөтагөз”, М.Ақынжановтың “Исатай-Махамбет”, Б.Қорқытов пен Қ.Төлековтің “Асыл жандар”, С.Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесу”, Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің “Беу, қыздар-ай!”, “Ақсақал аң-таң”, Ғ.Слановтың “Махамбет”, Ш.Айтматовтың повесі негізінде “Ана-Жер ана”, С.Адамбековтің “Біздің үйдің жұлдыздары” т.б. пьесалар театр репертуарынан берік орын алған. 1957 ж. “Театр көктемі” байқауына (Алматы) қатысып, лауреат атанды. 1969 ж. театрға Махамбет Өтемісов аты берілді. Өзінің жарты ғасырлық шығармашылық тарихына байланысты театр ұжымы 1989 ж. Алматыда С.Мұқановтың “Мөлдір махаббат”, Ә.Тәжібаевтың “Дубай Шубаевич”, А. Володиннің “Қос жебе”, О. Бодықовтың “Қорқыт”, Ә. Сәрсенбаевтың “Теңіз махаббаты” қойылымдарын көрсетті. “Жаралы жолбарыс” қойылымымен театр Мысырдағы халықаралық фестивальге қатысты. Қ.Төлеков, А.Ахметова, Ж.Манапова, З.Сүлейменова, Ы.Иманқұлов, К.Иманғалиева сияқты аға буын өкілдері театрдың қалыптасуына мол еңбек сіңірді. Театрда әр жылдары Ш.Гатаулин, А.И. Сусанов-Саянский, А.Есенбаев, Н.Л. Леготин, Р.М. Шарафутдинова, М.Қамбаров, Қ.Жетпісбаев, Мен Дон-Ук, Ш.Зұлқашев режиссерлік қызмет атқарды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}