Сәбит Әбілұлы Қожабеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Сәбит Әбілұлы Қожабеков (25 қараша 1963, Текес ауылы, Нарынқол ауданы, Алматы облысы) - театр және кино актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Атырау қаласының Құрметті азаматы. Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрының жетекші әртісі.

Өмірбаяны

Қожабеков Сәбит Әбілұлы 1963 жылы 25 қарашада Алматы облысының Нарынқол ауданы Текес ауылында дүниеге келген. Әкесі Әбіл — ағаш шебері, күйші, қолөнердің бірнеше түрін меңгерген өнерпаз адам болған. Болашақ актердің өнерге қызығушылығы ерте жастан қалыптасты. Мектепте оқып жүрген кезінде ән айтып, көркемөнерпаздар үйірмелеріне белсенді қатысқан.

1971 жылы туған ауылындағы мектепке барып, 1981 жылы орта білім алды. Мектепті аяқтағаннан кейін әскери борышын өтеп, ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсті.

1984 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы театр студиясына қабылдау жүріп жатқанын естіп, өз қалауымен актерлік өнер жолын таңдады. Құжатсыз қабылдау емтихандарына қатысып, 75 талапкердің ішінен іріктелген 11 студенттің қатарынан табылды. Курсты белгілі режиссер Әубәкір Рахимов жүргізді, ал емтихан қабылдаушылар қатарында Асанәлі Әшімов пен Құман Тастанбеков болды<ref>https://atr.kz/madeniet/tau-balasy-tau-a-karap-osedi/</ref>.

1986 жылы студияны бітіргеннен кейін Сәбит Қожабеков Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрына актер болып қабылданды. Театрға оны белгілі актер әрі режиссер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шапай Зұлқашев шақырған. Осы театр сахнасында ол кәсіби актер ретінде қалыптасып, ондаған басты және күрделі образдарды сомдады<ref>https://atpress.kz/kk/news/atyrauda/atyrauda-tungysh-ret-rezhisserler-men-stsenograftardyn-festival-forumy-bastaldy</ref>.

Актердің сахнадағы есте қалған рөлдерінің қатарында:

  • Иса Тұраншах («Сұлтан Бейбарыс», Р. Отарбаев),
  • Бүркіт («Мөлдір махаббат», С.Мұқанов),
  • Ақан сері («Қарагөз»),
  • Баймағамбет сұлтан («Жаралы жолбарыс»),
  • Бөлтірік шешен («Сүйінбай», Иран-Ғайып)

сияқты тарихи және классикалық бейнелер бар<ref>https://musrepov.kz/atyrauda-ojyl-an-altyn-adam/</ref>.

Сәбит Қожабеков театрмен қатар кино және телевизиялық жобаларға да қатысқан. Ол Атырау облысында түсірілген «Өмірзая» көпсериялы көркем фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Фильмнің режиссері — Асқар Әшімов<ref>https://azh.kz/kz/news/view/16607?ysclid=mjmhyzoxk1206068847</ref>.

Сәбит Қожабеков жас актерлерге тәлімгерлік жасап, театрдың шығармашылық өміріне белсенді атсалысып келеді. Ол сахна мәдениеті, актерлік шеберлік пен көркем сөз дәстүрін сақтауға ерекше мән береді. Қазіргі уақытта театр репертуарындағы бірқатар жаңа қойылымдардың дайындық жұмыстарына қатысуда.

Марапаттары

2003 жыл — республикалық театр фестивалінің лауреаты (Жәңгір хан рөлі үшін)

2008 жыл — «Ең үздік екінші құрамдағы ер адам» номинациясының жеңімпазы

2009 жыл — «Мәдениет қызметкері» төсбелгісі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Атырау қаласының Құрметті азаматы

ҚР Мәдениет министрлігі мен Атырау облыстық мәдениет басқармасының құрмет грамоталары

Отбасы

Сәбит Қожабеков жұбайы Ардақпен бірге Атырау қаласында өмір сүреді. Отбасында үш бала бар: қыздары — Айгүл мен Альбина, ұлы — Біржан. Немерелері (жиендері) — Диас пен Асылхан.

Сілтеме

Атырау газеті, Ағиба Қатешова. «Тау баласы тауға қарап өседі», 28.02.2014

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер