Шапай Зұлқашев
Үлгі:Кинематограф Шапай Зұлқашев (23 желтоқсан 1938 жылы туған, қазіргі Атырау облысы Исатай ауданы Орла ауылы) — актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988). "Құрмет" орденінің иегері, Исатай ауданы және Атырау облысының "Құрметті азаматы", Махамбет атындағы республикалық сыйлығының иегері.
Өмірбаяны
Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік бөлімін (1965), Алматы театр-көркемсурет институтының режиссерлік бөлімін бітірген (1976).
1965 - 1975 ж. Қазақ академиясы балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып, көптеген рөлдер ойнады.
1975 - 1989 ж. Атырау облысында драма театрында режиссер (1997 жылдан осы театрдың бас режиссер әрі көркемдік жетекшісі), 1989 - 1997 ж. Семей музыкалық драма театрының бас режиссері болып қызметтер атқарды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>