Қынабай Аралбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қынабай Аралбаев (4.2.1956. Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, 1 май ауылы - 5.8.1991 жылы, Алматы қаласы) — тележурналист. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

ҚазМУ-ді бітірген (1979). Еңбек жолын 1972-73 жылдары Жетісай қаласындағы "Жетісай" газетінде тілшіліктен бастаған. 1979-82 жылдары республикалық "Білім және еңбек" журналында тілші, бөлім меңгерушісі, 1982-91 жылдары Қазақ теледидарының қоғамдық-саяси хабарлар Бас редакциясында телекомментатор, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарады.

Қазақ КСР Телевидение және радиохабарлары жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасының көмекшісі (1983). "Көкжиек", "Талантынмен таныл", "Көкпар", "Батыр мықты ма, бастық мықты ма?" "Бетпе-бет" т. б. хабарлары көрермендерге кеңінен танымал болды. 1991 жылы Балуан Шолақ сарайында атақты палуан Д.Тұрлыхановтың шоу-хабарын өткізді.

Республика деңгейіндегі футбол, бокс репортаждарын Қазақ тілінде жүргізді. Жыл сайын Алматы қаласында, Қырғауылтөбеде қысқы спорт ойындарынан Аралбаевты еске түсіру, туған топырағында волейболдан дәстүрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Жетісай қаласында бір көше Аралбаев есімімен аталады.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}