Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрыбалалар театры.

1990 ж. 13 шілдеде облыстық әкімшілік мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен Петропавл қаласында ұйымдасып, келесі жылдың 15 ақпанында балаларға арналған алғашқы “Винни Пух пен бәрі” атты спектаклімен театр шымылдығы ашылды. Театр ұжымын алғаш ұйымдастырушы әрі алғашқы реж. Л.Архипов.

Театрдың репертуары балаларға арналған қуыршақ театрының классик. туындыларымен (С.В. Михалков, “Үш торай”) қатар ұлттық фольклор, осы заманғы жазушылардың пьесаларымен (С.Жүнісов, “Сәукеле”; А.Тойбаев, “Ұрпаққа өсиет”; С.Ефремов пен С.Коган, “Тағы да Қызыл телпек туралы”, т.б.) толығып отырды. Театр ұжымы гастрольдік сапармен Болгарияда (1993), Ресейде (2001, Қорған қ-нда) өнер көрсетті, сондай-ақ Халықаралық фестивальдарға да (Мәскеу, Минск, 1993; Омбы, 1994; Түмен, 1996; Екатеринбург, Алматы, 2002;) қатысты. Театр бірнеше рет Құрмет дипломымен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}