Серік Нығметұлы Ахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Серік Нығметұлы Ахметов (25 маусым 1958 жыл, Теміртау) — қазақстандық саясаткер, экономист, Қазақстанның 8-премьер-министрі (2012–2014), Қорғаныс министрі (2014), Қарағанды облысының әкімі (2009–2012).

Өмірбаяны

Ерте жылдары

1958 жылғы 25 маусымда Ахметов Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Ахметов Қарағанды металлургия зауыты жанындағы зауыт ЖТОО-ны, Ресей Басқару Академиясының аспирантурасын бітірген. Мамандығы — инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолы

Еңбек жолын Ахметов 1975 жылы Қарағанды металлургия зауытында токарь ретінде бастаған.

1976 жылдан 1978 жылға дейін ол Қызыл армия қатарында жауынгерлік борышын атқарған.

1979–1985 жылдары ол токарь, комбинаттағы комсомол комитетінде хатшы орынбасары, кейін комитет хатшысы болды да, 1985 жылдан 1986 жылға дейін Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған.

1986–1989 жылдары аралығында Ахметов Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы еді. 1989 жылдан 1990 жылға дейін ол Қарағанды партия обкомының жауапты ұйымдастырушысы болды.

1993 жылдан 1994 жылға дейін ол — Карметкомбинаттың маркетинг бюро басшысы, сыртқы экномикалық қатынастар бөлімінің басшысы, 1994–1995 жылдары «Футау» біріккен кәсіпорынның Директоры.

1996–1998 жылдары аралығында ол — «Кен Дала» қазақстандық агроөнеркәсіп биржасының Бас директоры. 1998 жылғы ақпаннан 2001 жылғы наурызға дейін ол Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде Мемлекеттік инспектор болған.

2001 жылғы наурыздан 2003 жылғы маусымға дейін Ахметов Теміртау әкімі болса, одан кейін, 2004 жылғы сәуірге дейін — Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2004 жылғы сәуірден 2005 жылғы наурызға дейін ол Президент Әкімшілігіне оралып, ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты жөніндегі Басқарманың Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі болды.

2005 жылғы наурыздан 2006 жылғы 25 қыркүйекке дейін ол — «Атамекен» жылпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмысберушілер одағының басқарма төрағасы, атқарушы директор.

2006 жылғы 25 қыркүйектен 2009 жылғы 3 наурызға дейін ол Көлік және коммуникациялар министрі қызметін атқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2009 жылғы 3 наурыздан 19 қарашаға дейін ол — Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.<ref>С.Н. Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы 2009 жылғы 3 наурыздағы № 754 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы</ref> Одан кейін, 2012 жылғы қаңтарға дейін ол Қарағанды облысының әкімі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2012 жылғы қаңтардан 24 қыркүйекке дейін ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. Бұдан кейін ол Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

2014 жылғы 2 сәуірде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Серік Ахметов үкіметінің отставкасын қабылдады.<ref>Үкімет басшысы отставкаға кетті Үлгі:Deadlink</ref> Келесі күні жаңа премьер Кәрім Мәсімов Ахметовті Қорғаныс министрі қылды. Ол бұл лауазымда сол жылғы 22 қазанға болды.

Заңи мәселелері

2015 жылғы желтоқсанда Ахметов жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін оның қамаудағы мерзімі екі мәрте қысқартылды: бірінші рет 2 жылға және екінші рет 1 жыл мен 7 айға. 2017 жылғы қыркүйектің басында «бас бостандығынан айырылсын» үкімі 4 жыл мен 26 күнге «бостандығы шектелсін» деп өзгертілді. 2017 жылғы 21 қыркүйекте ол бостандық алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Отбасы

Ахметов Любовь Михайловна Ахметоваға үйленген. Ұлы — Данияр (1985 жылы туған) мен қызы — Жанна (1980 жылы туған).

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті Үлгі:Қазақстан үкіметі басшылары