Сағат Жұмағазиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Сағат Жұмағазиев (1911 жыл 30 желтоқсан, Жаңақала ауданы) - журналист, Қазақ КСР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер (1972).

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1928-30 жылдары Азғыр кентінде аудандық атқару комитетінің іс жүргізушісі боп бастаған. 1930-31 жылдары Орал қаласындағы кеңес-партия мектебінің тыңдаушысы. 1931-66 жылдар аралығында облыстық, республикалық басылымдарда әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1966-69 жылдарда Мәскеудегі КСРО Жоғарғы кеңесінің актілері басып шығаратын бөлімнің реферанты, 1969-75 жылдары осы бөлімнің қазақ бөлімшесінің меңгерушісі, 1976 жылы республикалық «Қазақстанның ауыл шаруашылығы» журналында редактор, аудармашы қызметін атқарады.

Марапаттары

2 рет «Құрмет Белгісі» (1945, 1947) орденімен және медальдармен марапатталған.<ref> Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References