Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, Армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы».

Өмірбаяны

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы, Алексеевка болысы, Трудовое ауылында дүниеге келген. 7 сыныпты бітірген. Колхозда есепші, одан кейін оқу үйінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

1942 жылы С. Нұрмағамбетов Қызыл Армия қатарына шақырылып, Құшқа қаласындағы Бірінші Түркістан пулемет әскери училищесіне жіберілді. Оқуды аяқтағаннан кейін 1943 жылдың сәуірінен бастап майданға аттанды.

5-ші соққы беру армиясының 301-ші Донецк Суворов II дәрежелі Берлин атқыштар дивизиясының 1052-ші атқыштар полкі құрамында пулемет взводының, пулемет ротасының, атқыштар батальонының командирі ретінде 1945 жылдың мамырына дейін соғысты. Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Батыс Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысты.

1945 жылғы 27 ақпанда Польша аумағындағы жаудың бекіністі қорғанысын бұзып өту кезінде қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны, сонымен бірге көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сағадат Нұрмағамбетов соғысты Берлинде аяқтады. Оның батальоны Гитлердің рейхсканцелярия ғимаратына шабуылға қатысты.

Майор Нұрмағамбетов батальон командирі қызметінде Берлин шабуыл операциясында қайтадан ерекше көзге түсті: Кюстрин плацдармындағы жау қорғанысын бұзып өту, Шпрее өзенінен өту және Берлинге шабуыл жасау кезінде. Сол кезде көшедегі ұрыстарда оның батальоны жаудың 9 тірек пунктіне шабуыл жасап, сол арқылы 450-ден астам жау сарбазын жойды және тағы 1560-ын тұтқынға алды. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Сағадат Нұрмағамбетов 1945 жылдың сәуірінде екінші «Алтын Жұлдыз» медаліне ұсынылды. Наградтау парағына 1052-ші атқыштар полкінің командирі, Кеңес Одағының Батыры, полковник А. Пешков қол қойды, содан кейін бұл парақ 301-ші Сталин атқыштар Суворов II дәрежелі дивизиясының командирі, полковник В. Антоновпен келісілді. Алайда, майор Нұрмағамбетов екінші «Алтын Жұлдыз» медалін алмады.

1946 жылдың маусымынан 1949 жылдың қарашасына дейін Сағадат Нұрмағамбетов М. И. Фрунзе атындағы Әскери академияда оқыды. Оны бітіргеннен кейін ол түрлі штабтық және қолбасшылық лауазымдарда қызмет етті. Түркістан әскери округі штабының жедел басқармасының аға офицері, мотоатқыштар полкінің командирі, мотоатқыштар дивизиясы штабының бастығы, Қазақ КСР азаматтық қорғаныс штабының бастығы, қайтадан Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскерлер тобы (Венгрия) қолбасшысының бірінші орынбасары. Осы уақыт ішінде С. Нұрмағамбетов екі рет КСРО Қарулы Күштері Бас штабы Академиясының курстарында оқыды.

1989 жылы округ таратылғаннан кейін С. Нұрмағамбетов соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерінің Қазақ Республикалық кеңесінің төрағасы және сонымен бірге Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ардагерлер мен мүгедектер ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.

1991 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен С. Нұрмағамбетов Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ал 1992 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Сағадат Қожахметұлы қазақстандық армия үшін көп жұмыс атқарды. Оның бастамасымен елде әскери кадрлар дайындау басталды, қазіргі Қарулы Күштердің дәстүрлері мен берік негіздері қалыптасты, ол жауынгерлік даярлыққа үлкен мән берді.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

1995 жылдың қараша айында С. Нұрмағамбетов армия генералы шенімен отставкаға шықты, одан кейін ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

1971-1994 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайланды. Сағадат Қожахметұлы өзінің «Лицом к огню», «Мой передний край», «А в памяти нет тишины» атты кітаптарында жауынгерлік жолы мен Қарулы Күштердегі көпжылдық қызметі туралы жазды.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009. ISBN 978-601-01-0268-2</ref>Сағадат Нұрмағамбетовке 2005 жылы 9 мамырда Нью-Йоркте Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына орай БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында сөз сөйлеу құрметі бұйырды.

1999 жылы Астанада мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқыту, сондай-ақ күшейтілген дене шынықтыру үшін құрылған «Жас ұлан» республикалық мектебіне генерал Нұрмағамбетовтың есімі берілді. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов Целиноград, Алматы, Донецк қалаларының Құрметті азаматы.

С. Нұрмағамбетов 2013 жылдың қыркүйегінде қайтыс болды, Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Наградалары мен марапаттары

Кеңес Одағы:

  • Кеңес Одағының Батыры (Герой Советского Союза)
  • Орден Ленина
  • Орден Октябрьской Революции
  • Қызыл Ту ордені Орден Красного Знамени
  • Орден Отечественной войны I степени
  • Орден Отечественной войны II степени
  • Два ордена Красной звезды
  • Орден «За службу Родине в Вооружённых Силах СССР» III степени
  • Два ордена Трудового Красного Знамени
  • Орден «Знак Почёта»
  • Медаль «За боевые заслуги»
  • Медаль «За воинскую доблесть. В ознаменование 100-летия со дня рождения В. И. Ленина»
  • Медаль «За отличие в охране государственной границы СССР»
  • Медаль «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»
  • Медаль «20 лет Победы Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.»
  • Медаль «30 лет Победы Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.»
  • Медаль «40 лет Победы Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.»
  • Медаль «За взятие Берлина»
  • Медаль «За освобождение Варшавы»
  • Медаль «Ветеран Вооружённых Сил СССР»
  • Медаль «За укрепление боевого содружества»
  • Медаль «40 лет Вооружённых Сил СССР»
  • Медаль «50 лет Вооружённых Сил СССР»
  • Медаль «60 лет Вооружённых Сил СССР»
  • Медаль «За безупречную службу» I, II и III степеней

Қазақстан:

  • «Халық қаһарманы» атағы
  • «Отан» ордені
  • «Астана» медалі
  • «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» медалі
  • «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалі

Ресейдің марапаттары:

  • Достық ордені
  • Жуков медалі

Украинаның марапаттары:

  • III дәрежелі Богдан Хмельницкий ордені
  • Украина Президентінің Құрмет белгісі
  • «Отан қорғаушыға» медалі
  • «Украинаны фашистік басқыншылардан азат етуге 60 жыл» мерейтойлық медалі

Болгария:

  • Қылышпен бірге I дәрежелі «1944 жылғы 9 қыркүйек» ордені

Польша:

  • Алтын Еңбек сіңірген Крест
  • Pro Memoria медалі

Моңғолия:

  • «Милитаристік Жапонияны жеңгеніне 30 жыл» медалі

Отбасы

Үйленген. 2 баласы, 4 немересі бар.

Шығармашылығы

  1. Нурмагамбетов, Сагадат. А в памяти нет тишины... [Текст] / С. Нурмагамбетов. - Алматы : Ана тілі, 1999. - 144 с. : фото.
  2. Нурмагамбетов, Сагадат. Лицом к огню [Текст] / С. Нурмагамбетов. – Алматы : Казахстан, 1984. – 152 с.
  3. Нурмагамбетов, Сагадат. Мой передний край [Текст] / С. Нурмагамбетов. – Алматы : Ана тілі, 1995. – 224 с. : фото.
  4. Нурмагамбетов, Сагадат. От огненных лет до суверенной армии [Текст] : сборник мемуарных произведений / С. Нурмагамбетов. – Алматы : Жибек жолы, 2005. – 544 с. : фото<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама