Сара Ыдырысқызы Көшербаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Сара Ыдырысқызы Көшербаева (1933 жылы 6 ақпанда Алматы - 1999 жылы 24 қаңтарда Алматы) — қазақ балет өнерінің шебері. балет әртісі, педагог, профессор. Қазақ ССРнің халық артисі (1966). Қазақ ССРнің еңбегі сіңген артисі (1958). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Толығырақ

Шығармашылығы

  • 1955 жылы алғаш рет Р.М. Глиэрдің “Мыс салт атты” балетінде Параша партиясын биледі.
  • Сара Ыдырысқызының билеген партиялары: Раймонда (А.К. Глазуновтың осы аттас балетінде), Одетта-Одиллия, Аврора (П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы аруында”), Сүйімбике (Ф.З. Яруллиннің “Шуралесінде”), Китри, Никия (Л.Ф. Минкустың “Дон Кихоты” мен “Баядеркасында”), Мария (Б.В. Асафьевтің “Бақшасарай фонтанында”), Назым (В.В. Великановтың “Қамбар – Назымында”), Жизель (А.Ш. Аданның осы аттас балетінде), Шырын (А.Д. Меликовтың “Махаббат жайлы аңызында”), Баян (Е.Г. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында” ), Эгина (А.И. Хачатурянның “Спартагында”). Сондай-ақ Н.А. Тілендиев, Л.Б. Степанов пен Е.В. Манаевтың “Достық жолымен” (Құралай), Ғ.А. Жұбанованың “Хиросима” (Судзи), М.Р. Раухвергердің “Шолпан” (Шолпан), Қ.Х. Қожамияровтың “Чин-Томур” (Махтум) атты балеттерінде басты партияларды орындады. Бишілік өнері әсем де мәнерлі қимылымен, үздік би техникасымен ерекшеленеді. Жеке концерттік нөмірлерге де (биін қоюшылар – Қазақ КСР-інің халық артистері З.М. Райбаев пен Б.Ғ.Аюханов) қатысып биледі.
  • Бишілер тобының құрамымен Германияда, Венгрияда, Моңғолияда, т.б. елдерде өнер көрсетті.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті