Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (17.8.1924 жылы туған. Ақтөбе облысы Ойыл ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожиннің қызы.

Өмірбаяны

Жыл Оқиға
1940 жылы Ақтөбедегі (Темір қаласы) педагогикалық училищені бітірген
1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген
1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттың аспирантурасын бітірген
19401994 жылы мектепте мұғалім, педучилищеде оқытушы, “Мектеп” (қазіргі “Рауан”) баспасында редактор, редакция меңгерушісі
19611967 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімнің меңгерушісі
19801994 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында тіл мәдениеті бөлімнің меңгерушісі
1994 жылдан құрметті демалыста

Зерттеулер

Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтиккалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған.

Марапаттар

“Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармалары

  • Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996;
  • Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004;
  • Сөз сазы, А., 1983;
  • А.Байтұрсынов, А., 1990;
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004;
  • Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004;
  • Сөз құдіреті, А., 1997;
  • Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000;
  • Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001;
  • Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004;
  • Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер