Жырау
Жырау– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған. Туындылары адам көңілін деп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және куатты серпінділігімен ерекшеленеді. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны Қорқыт ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды.<ref name=source1>Балалар энциклопедиясы</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>
Ішкі сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
- Жыраулар поэзиясы мен ақындар айтысының рухани сабақтастығы
- Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
- ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТЫҚ ИДЕЯ
- Асан Қайғы
- Тысячелетие тюркских жырауҮлгі:DeadlinkҮлгі:Ru icon
- Бухар жырау Үлгі:Ru icon
Дереккөздер
<references/>