Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев (2 желтоқсан, 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы Көкіш ауылы - 3 сәуір, 2012 жылы) — әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1983). Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1984). Түркия Президентінің «Түркі еліне қызыметі үшін» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған.

Толығырақ

Бердібаев зерттеулерінде Абай шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңінен сөз етеді. «Абай және ауыз әдебиеті» (Абай тағлымы. - А., 1986, 237-243-6.) еңбегіңде ақынның Шығыс аңыздары негізіңде жазған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай шығармаларында халық мақал-мәтелдерінің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгімелерінің жиі кездесетіндігіне назар аударады. Ауыз әдебиетінің ұйқас, ырғақ, дыбыс қуалаушылық, жоқтау, суреттеу тәсілдері сияқты үлгілері ақын өлеңдерінде кеп қолданылғандығын атап көрсетеді. Б. Абай поэзиясының шығыс шайырларының шығармаларымен байланысы жайлы бірсыпыра байламдар жасаған. Соның бірі «Науаи мен Абай» («Соц. Қазақстан», 1960, 16 қыркүйек) атты мақалада ұлы ақындардың шығармашылық ұқсастықтары мен даралық тұстары егжей-тегжейлі зерттелген.

Әуезовтің шығармашылығы жөнінде «Сюжет және характер» (1964), «Идея және композиция» (1967), «Сәз зергері» (1973), «Шығарма шарты» (1980), «Өшпес өнеге» (1985) т. б. мақалаларын жазса, «Тарихи роман» монографиясында (1997) «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты тарауын (8-112-бөттер) «Абай жолына» арнады. Ал «Мұхтар шыңы» жинағында (1997) Ұлы жазушының суреткерлігін жаңа қырынан сипаттайтын зерттеу еңбектері топтастырылған. Жалпы Әуезовтің жазушылық қызметіне байланысты 40 шақты еңбегі жарық көрді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Хронологиясы

  • Түркістан педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Қызыл-орда пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін (1949) бітірген.
  • Ащысай кентіндегі орта мектепте мұғалім,
  • 19491953 жылдары Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қазақ орта мектептерінде директор, аудандық оқу бөлімінің инспекторы,
  • 1953-1954 жылдары ҚазМУ-дің аспиранты,
  • 19551959 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, сын бөлімінің меңгерушісі болған.
  • 19601972 жылдары әдебиет тарихы және теориясы мәселелері бойынша «Әдебиет пен өмір», «Роман және заман», «Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Дәстүр тағылымы» тәрізді кітаптары, «Қазақ романы», «От легенды к роману», «Қазақ тарихи романы», «Тарихи роман», «Мұхтар шыңы» монографиялары жарық көрді.
  • 1961 жылы кандидаттық («Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы»),
  • 1971 жылы докторлық («Қазақ романдарының теориялық мәселелері») диссертация қорғайды.
  • 19681970 жылдары ашылған Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты хатшысы,
  • 1973-1995 жылдары Қазақ КСР ҒА тартып, «Жастық кешуі» (1966),
  • «Солдат сыры» (1968),
  • «Фарида» (1978) атты әңгімелер мен повестер жинақтарын жариялады.

Жетістіктері

  • М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі,
  • ҚазМУ мен ҚазПИ-де ауыз әдебиетінен дәріс оқиды.
  • «Қазақ фольклористикасының тарихы» деген еңбегі үшін Р.Бердібайға және бірнеше фольклоршыға Ш.Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық берілді.
  • ҚР Үғылым академиясының академигі.
  • Түрік тіл қүрылымының (Түркия), Халықаралық Ш.Айтматов қоғамдық академиясының, Халықтық (экологиялық) академияның мүддесі, Ш.Уәлиханов атындағы, «Түрік дүниесіне қызмет» сый-лықтарының иегері.
  • «Парасат» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамотасымен марапатталған.
  • «Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» (1983).
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1992) атағын алды.
  • 1995 жылдан бері Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.

Шығармалары

Ғалымның қаламынан «Қазақ эпосы», «Сарқылмас қазына», «Кәусәр бүлақ», «Эпос — ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Айтыс әлемі» секілді еңбектер туды.Түбі бірге туысқан халықтар әдебиетімен өзара байланысы оның «Гүлстанның бүлбүлдары», «Достық кемесінде», «Сарқылмас қазына» деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдар да шыққан «Байқалдан Балканға дейін», «Жүлдыздар жарығы», «Ел боламыз десек» атты жинақтарда жалғасын тапты. Оның сыншылық, әдебиетшілік, фольклоршылық, түріктанушылық саласындағы ізденістері 42 кітап, мыңнан артық мақала түрінде жарыққа шықты. Ғалымның бүлардан тыс атқарған игілікті ісі — М.Әуезов мүражай үйінде 35 жыл бойында Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетін басқарып, қазақ халқының соңғы 1500 — 2000 жыл бойындағы тарихы мен мәдениеті тақырыбына 500 дәріс өткізуі. Бүл еңбегі үшін сол кездегі Бүкілодақтық «Білім» қоғамының ең үлкен сыйлығы — Вавилов медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}