Сыншы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сыншы – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұғым. Қазақ арасында өмірде көргені мен түйгені көп зерделі адамдар адамды, малды салған жерден дене бітіміне қарап мінез-құлқын, ерекшелігін жазбай айтатын болған. Адамның көзі, құлағы, аузы-мұрны, бойы сияқты пошымына қарап-ақ кім екенін нақ айтатын Толыбай (19 ғасыр) сынды Сыншылар тарихтан белгілі. Ондай адамдар малды, әсіресе, жылқы малын сынауда мол тәжірибе жинақтап, небір көрегендік таныта білген. Мәселен, алдыңғы екі аяғының алшақ, талтайып кетуі, салпы ерін, доғал тұяқ секілді сәйгүлікке тән, тағы басқа ерекшеліктерін “Аттың сыны” аталатын өлеңінде Абай да нақышты баяндаған.
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}