Нұрәлі Рахатұлы Әлиев
Үлгі:Кәсіпкер Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1 қаңтар 1985, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, экономист. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.
Мазмұны
Өмірбаяны
1985 жылы 1 қаңтарда Алматыда Рахат Әлиев пен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның отбасында дүниеге келді. Орта жүздің Қоңырат тайпасы Жаманбай руы оның ішінде Киікші бөлімінен шыққан.
Білімі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің экономика бөлімін “экономист”, АҚШ-тағы Үлгі:Iw, Аустриядағы Үлгі:Iw және Үлгі:Iw халықаралық бизнес мектебін “іскерлік басқару магистрі” дәрежесімен аяқтады.
Мансабы
- 2004—2006 — Қант орталығының президенті;
- 2006—2007 — Нұрбанк директорлар кеңесінің мүшесі, Hit TV музыкалық арнасының президенті;
- 2007—2007 — Нұрбанк төрағасының бірінші орынбасары;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2008—2008 — Нұрбанк директорлар кеңесінің төрағасы;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2008—2009 — Қазақстан Даму Банкінің вице-президенті;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2009—2013 — Қазақстан Даму Банкініңбасқарушы директоры;
- 2013—2014 — Транстелеком басқармасының төрағасы;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2014—2016 — Астана әкімінің орынбасары;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2016—2025 — Транстелеком директорлар кеңесінің төрағасы;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2017 — Қазақстан альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының президенті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
2003 жылы бұрынғы әділет министрі, орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтың қызы Аидаға (1984 туған) үйленді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 4 баласы бар: қыздары — Лаура (2003 туған) мен Амира (2010 туған), ұлдары — Алаң (2005 туған) мен Әнуар (2015 туған) Әлиевтер.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Анасы Дариға Назарбаева (1963 туған).
Әкесі Рахат Әлиев (1962—2015).
Бауырлары: інісі Айсұлтан (1990—2020) мен қарындасы Венера (2000 туған).
Қайырымдылық
2018 жылы Алматыда қар барыстарын құтқаратын және ТМД елдерінде бірінші болып олар мекендеген аумаққа қоныстандыратын халықаралық қор — Snow Leopard Foundation қорын ашты.
2016 жылы қазақстандық және шетелдік оқу орындарына IT мамандықтары бойынша білім беру гранттарын бөлетін, ауылдық жерлерде оқитын оқушылардың ІТ-ге тең қол жеткізуіне жағдай жасайтын және отандық бастамаларды қолдап оларды қаржымен қамтамасыз ететін “ZHANARTU” қорының негізін салды.
Байлығы
“Транстелеком” АҚ, “Капитал Холдинг” пен “Дармен Холдинг” ЖШС мажоритарлық акционері.
Дубайдағы “Donatello Hotels and Resorts”, Алматыдағы “Donatello бутик-қонақ үйі”, Алматы мен Астанадағы бірнеше мейрамханалардың иесі.
| Жыл | Байлығы | Орны |
|---|---|---|
| 2024 | 220 млн $<ref>Үлгі:Cite web</ref> | елде 41-ші |
| 2023 | 249 млн $<ref>Үлгі:Cite web</ref> | елде 29-шы |
| 2022 | 263 млн $<ref>Үлгі:Cite web</ref> | елде 26-шы |
| 2021 | 195 млн $<ref>Үлгі:Cite web</ref> | елде 31-ші |
| 2020 | 269 млн $<ref>Үлгі:Cite web</ref> | елде 19-шы |
| 2019 | 219 млн $<ref>Үлгі:Cite web</ref> | елде 28-ші |
| 2018 | 219 млн $<ref>Үлгі:Cite web</ref> | елде 28-ші |
Марапаттары мен атақтары
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі;
- КИМЭП университетінің “Қазақстанда ақпараттық жүйелерді дамытуға қосқан үлесі және белсенді көшбасшылық ұстанымы үшін” құрмет грамотасының иегері;
- “Іскерлік басқару магистрі” дәрежесі.