Орынкүл Орманқызы Тәжиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орынкүл Орманқызы Тәжиева (3.6.1943 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылы) - жазушы. Шымкент қаласындағы медициналық училищені, ҚазҰУ-ды бітірген (1969). Аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарған. Республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, одан соң "Қазақстан" баспасында кіші редактор болып істеген. 1972 жылы Келес ауданында "Мақташы" газетінде алдымен бөлім меңгерушісі, онан соң жауапты хатшы, 1985 жылы Келес ауданында партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудан орталығындағы №3 балабақша меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Шығармашылығы:

Жеті Қыз. Повесть. А., 1968; Қара қолғап. Әңгімелер. А., 1970; Менің ауылымның адамдары. Очерктер. А.,1972; Алтын жазулы алқа. Әңгімелер.А., 1981; Шоқ жұлдызды Домалақ ана.Роман. А., 1991; Сырғалылар әулетінің құпия қазынасы. Роман. 1993. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}