Насихат
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Насихат , саяси насихат (латынның propaganda – тарату) – қандай да бір идеялар мен ілімдерді, теориялық білімдерді көпшілік арасында тарату, түсіндіру формасы. Алғаш рет Рим папасы Александр VІІ (1655 – 67) арнаулы құжатта пайдаланған. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары Насихат теориясының негізі қаланды. Неміс философы В.Меде сыртқы ықпалда болатын адам психикасын зерттеу принциптерін тұжырымдаса, америкалық зерттеушілер Д.Ликас пен С.Бритт аудиторияға әсер ету және тиісті сезімдер мен реакцияларды ынталандыру амалдарын жүйеледі. Насихат қоғамда белгілі бір көңіл-күйлерді қалыптастыруға және азаматтардың санасында қайсыбір құндылықтар мен түсініктерді бекітуге бағытталған қызмет болып табылады. Оның мақсаты – билік иесінің, саяси топтың, қозғалыстың мақсат-мұраттарына неғұрлым көп халықты ұйытып сендіру, соңынан ерту. Саяси Насихат түрлеріне қайсыбір саяси доктринаны, дінді, ұлттық идеяларды, белгілі бір топ мүдделерін немесе ғаламдық құндылықтарды насихаттау жатады. Ол белгілі бір маңызы бар саяси әрекеттерді (сайлау, қарсылық және ынтымақтастық шаралары, мемлекетаралық келіссөздер, т.б.) идеялық жағынан қолдау үшін пайдаланылады. Саяси Насихаттың тиімділігі қоғамдық сананың жай-күйіне, Насихат субъектісінің қабілеті мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпарат беру құралдарына байланысты. Әдетте демократиялық мемлекеттерде Насихат ұғымының орнына жұртшылықпен байланыс, паблик рилейшнс (publіc relatіons) секілді ұғымдар қолданылады; қысқаша Үгіт. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Насихат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}