Ораз Әбішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Ораз Әбішев (1 мамыр, 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылы - 14 наурыз, 2013 жылы Алматы) — қазақтың деректі киносының негізін қалаушы кинорежиссер. Қазақ КСР халық артисі (1966). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960).

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан» Орденімен марапатталған (2005).

Толығырақ

Шығармашылығы

  • Дина Нұрпейісова” (1947), “Шалғай жайылымдарда” (1950), “Абай” (1953), “Біздің қалада” (1956), “Мәскеуге сәлем” (1958), “Денсаулық аралы” (1961), “Апа”, “Қол құдіреті”, “Тастағы таңба” (бәрі де 1968), “Бір хаттың ізімен” (1971), “Тарихпен тілдесу” (1972), “Мәукен даласы” (1976), “Сынақ” (1977), “Талғаттың зеңгір аспаны” (1979), “Еліктер мекені” (1980), “Ертегішілер” (1983) т.б. фильмдер түсірген. “Арман аралы”, “Кеншілер әулеті”, “Мұқан Төлебаев”, “Желден жүйрік” деректі фильмдері үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1974 жылы).

Мемлекеттік марапаттары