Казахстанская Правда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Казахстанская правда” – республикалық қоғамдық-саяси газет, Қазақстандағы беделді мерзімді басылымдардың бірі. Құрылтайшы және шығарушы – “Казахстанская правда” республикалық газеті ашық акционерлік қоғамы.

  • 1920 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін “Известия Киргизского края”,
  • 1921 жылдың 1 шілдесінен 1923 жылдың 18 қарашасына дейін “Степная правда”,
  • 1923 жылдың желтоқсанынан 1931 жылдың аяғына дейін “Советская степь” атауымен жарық көрді.
  • 1932 жылдың қарашасынан “ Казахстанская правда ” атымен шығып келеді.
  • 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) ревкомының,
  • 1921 – 23 жылы РК (б) П Қырғыз (Қазақ) обкомы мен Орынбор губкомының және Қырғыз (Қазақ) ОАК мен Орынбор Кеңесінің, *1923 – 25 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) ОАК-нің,
  • 1925 – 37 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитететі мен Қазақстан ОАК және Кәсіпшілер одағы кеңесінің,
  • 1937 – 91 жылы Қазақстан КП ОК-і, Қазақ КСР Жоғасыр Кеңесі мен Министрлік Кеңесінің органы болды.
  • 1957 жылы ұйымдастырушылық және насихаттық қызметі үшін он мыңыншы санының жарық көруіне байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
  • 1991 жылдан республикалық қоғамдық-саяси газет. “ Казахстанская правда ” еліміз бастан өткерген тарихи кезеңдер мен оқиғаларға дер кезінде үн қосып отырды. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды жиі жариялап тұрады.

Аптасына 5 рет орыс тілінде шығады. Көлемі – 2 баспа табақ, таралымы – 71827 дана (2002).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>