Нұрлыхан Өтеуұлы Бекбосынов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бекбосынов Нұрлыхан Өтеуұлы (1937 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы - 2016, Қазақстан, Ақтау) – энергетик, мемлекеттік қайраткері.
Өмірбаяны
Атырау мұнай техникумын (1958), Иваново энергетика институтын (1969 ), Мәскеу мұнай-газ институтын (1978), Қоғамдық ҒА-сын (1979) бітірген.
1959 – 1964 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің Маңғыстау бұрғылау кеңсесінде электрмонтер, инженер-энергетик, бас энергетик болды.
1969 – 1973 жылдары «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бас энергетигі болды.
1974 – 1987 жылдары Жаңаөзен қалалық партия комитетінің 1-хатшысы болды.
1987 – 1992 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры болды.
1992 – 1994 жылдары ҚР Энергетика және отын қорлары министрінің 1-орынбасары болды.
1994 – 1997 жылдары «Қазақмұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының 1-вице-президенті болды.
1997 – 2000 жылдары «Өзенмұнайгаз» бірлестігінің Алматыдағы өкілдігінің директоры болды.
2000 – 2004 жылдары «Қаражамбасмұнай» ААҚ-ның өндірісті ұйымдастыру жөніндегі директоры болды.
Марапаттары
- КСРО Жоғары Кеңесінің халық депутаты (1989).
- «Халықтар достығы» ордені.
- Еңбек Қызыл Ту ордені.
- «Құрмет» ордені.
- Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>
Дереккөздер
<references/>
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұрлыхан Өтеуұлы Бекбосынов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}