Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин (8 сәуір 1960, Ақтөбе) — қазақстандық ірі саясаткер, дипломат. 2001 жылғы мамыр-желтоқсан аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2007—2009 жылдары Сыртқы істер министрі. 4 рет Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2 рет Мемлекеттік хатшы лауазымына ие болған. Әлеуметтану ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны
1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Алматы халық шаруашылығы институтын және Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
- 1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.
- 1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
- 1994—95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.
- 1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.
- 1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
- 2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.
- 2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.
- 2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
- 2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.
- 2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
- 2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
- 2009 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды
- 2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.<ref>Марат Тажин назначен госсекретарем Казахстана</ref>.
- 2014 жылдың 11 ақпан күні ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.<ref>http://radiotochka.kz/1688-.html Үлгі:Webarchive</ref>
- 2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.<ref>http://www.akorda.kz/kz/executive_office/executive_office_stucture/senior_leadership/kazakstan-respublikasy-prezidenti-akimshiligi-basshysynyn-birinshi-orynbasary-tazhin-marat-muhanbetkazyuly Үлгі:Webarchive</ref>
- 2019 жылғы 24 наурыздан 18 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.<ref>ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады</ref>
- 2019 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. 2023 жылғы 16 маусымда қызметінен босатылды.<ref>Құқықтық актiлер</ref>
Сыртқы істер министрі
2007 жылғы 11 қаңтарда Тәжин Қазақстан президентінің № 252 бұйрығымен Сыртқы істер министрі болып тағайындалып, Кәрім Мәсімовтің Үлгі:Iw енді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сол жылғы 6-9 мамырда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуге аттанды. Ресми мәліметтерде сапардың экономика диверсификациясына, яғни әртараптандыру мәселесіне, АҚШ инвестициялары мен технологияларын Қазақстанның шикізаттан тыс жоғары технологиялар салаларына тарту мәселесі талқыланады деген болса, қазақстандық саясаткерлер сол жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету, Қазақгейт ісі және энергетикалық ресурс туралы талқыланады деген нұсқаны алға тартты.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, 1 қызы бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
Әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор. «Барыс» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті елші.
Дереккөздер
- Әлеуметтану ғылымдарының докторлары
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан сыртқы істер министрлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан ҰҚК құрметті қызметкерлері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары
- Жаңа экономикалық университеті түлектері
- Қазақстан ҰҚК төрағалары
- Қазақстанның Ресейдегі елшілері
- Қазақстан мемлекеттік хатшылары
- Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары