Мәди Төкешұлы Такиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәди Төкешұлы Такиев<ref name="akimcilik" /> (кейде Тәкиев,<ref name="azattiq" /> 1 сәуір 1978 жыл, Балқаш ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы ақпаннан елдің Қаржы министрі. Бұрын Такиев Мәжілістің VIII сайланым депутаты (2023–2024) және Қаржы вице-министрі (2019–2020) сияқты лауазымдар иесі еді.<ref name="majilis" />
Жастық шағы және білімі
Мәди Төкешұлы Такиев 1978 жылғы 1 сәуірде, Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақанас ауылында дүниеге келген.<ref name="majilis">Үлгі:Cite web</ref>
Такиев 1998 жылы бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына Қазақ мемлекеттік басқару академиясында, 2005 жылы заңгер мамандығына Дінмұхамед Қонаев атындағы гуманитарлық университетінде білім алды да, 2011 жылы Халықаралық бизнес университетін бітіріп, іскерлік әкімшілдендіру магистрі болды.<ref name="zakonkz" />
Мансабы
Өз еңбек жолын Мәди Такиев 1998 жылы, Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтының бас есепшісі болып бастаған.<ref name="majilis" />
Кейін, 2000–2008 жылдары ол Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы болса, 2008–2009 ол Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы болды.<ref name="zakonkz" />
2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Бұдан кейін, 2013 жылға дейін ол Қаржы министрлігінің Салық департаментінде басқарма басшысы болды.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Такиев Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып тағайындалған. 2014 жылы ол қысқа уақытқа Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты болған.<ref name="majilis" />
2014–2017 жылдары аралығында ол Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы еді. 2017–2019 жылдары ол Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры қызметінде болды.
Такиев 2019 жылғы 12 наурызда Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2020 жылғы 24 қыркүйекке дейін болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2020 жылғы 24 қыркүйекте Такиев президент Тоқаев өкімімен Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.<ref name="akimcilik">Үлгі:Cite web</ref> Бұл қызметін ол 2023 жылғы наурызда аяқтады.<ref name="zakonkz" />
2023 жылғы 15 ақпанда Такиев Аманат партиялық тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болды. 28 наурызда ол партия атынан VIII сайланым депутаты болып сайланды.
2024 жылғы 5 ақпанда Екінші Әлихан Смайылов үкіметі қызметінен босатылды. Жаңа премьер Олжас Бектенов болды да, жаңа үкіметтің Қаржы министрі болып Мәди Такиев тағайындалды.<ref name="azattiq">Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Мәди Такиев үйленген, оның үш ұл баласы бар.<ref name="majilis" />
Марапаттары
Такиевтің марапаттар тізімі:
- Ерен еңбегі үшін медалі (2014);
- Құрмет ордені (2021);<ref name="majilis" />
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі;
- Салық қызметінің үздігі.<ref name="zakonkz" />
- Қаржы қызметінің үздігі.<ref name="monitoring">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>