Олжас Абайұлы Бектенов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Олжас Абайұлы Бектенов (13 желтоқсан 1980 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы 6 ақпаннан Қазақстан премьер-министрі.
Бұрын Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы (2023–2024), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) төрағасы (2022–2023) сияқты лауазымдар иесі болған.<ref name="zakonkz">Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Білімі
2001 жылы Олжас Бектенов Қазақ мемлекеттік заң академиясындағы заңгер мамандығы бойынша оқуын бітірді.
2005 жылы Бектенов заң ғылымдарының кандидаты болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Оның орысша диссертациясының тақырыбы «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылықтарының алдын алудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» болған.<ref>Үлгі:Lang-ru; Үлгі:Cite web</ref>
Еңбек жолы
Өз еңбек жолын Бектенов 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастады.<ref name="premyer">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Бұл қызметте ол 2005 жылға дейін болды.<ref name="zakonkz" />
2005–2006 жылдары ол Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды. Одан кейін ол 2009 жылға дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды.
2012 жылы ол — Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы. Бұл қызметі 2014 жылы аяқталды.
2015–2016 жылдары ол Астана қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасын, Астана әкімінің аппаратын, Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығын басқарса, 2016–2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Антикор) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.<ref>Кадровые перестановки. Новые назначения в МИР, акиматах Астаны и ВКО</ref>
2017 жылдан 2018 жылға дейін ол Ақмола облысы әкімінің орынбасары және 2018 жылдан 2019 жылға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары еді.
2019–2022 жылдары Бектенов Антикор төрағасының бірінші орынбасары болса, 2022–2023 жылдары ол бұл агенттіктің төрағасы болған.
2023 жылғы 3 сәуірден бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Премьер-министр (2024–)
Үлгі:Толық мақала 2024 жылғы 5 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер Әлихан Смайылов басқарған үкіметті қызметінен босатты да,<ref>Үлгі:Cite web</ref> 6 ақпанда Олжас Бектеновті елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындады. Бектеновтің кандидатурасын Мәжілістің 69 депутаты қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары және атақтары
Олжас Бектенов 2-дәрежелі «Айбын» (2014), 2-дәрежелі «Даңқ» (2021) ордендерімен марапатталған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Оған қоса Бектенов — Жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты.<ref name="zakonkz" />
Жеке өмірі
Олжас Бектенов үйленген және оның үш баласы бар.<ref name="zakonkz" />
«Бектенов — Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы» деген ақпарат халық та, БАҚ арасында да көп тараған. 2025 жылғы шілдеде Бектеновтің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарғандай болды, алайда өз қайын атасының тегін айтпай-ақ қойды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Қазақстан үкіметі басшылары Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті