Лев Константинович Науменко (профессор)
Науменко Лев Константинович – (19.10.1933 жылы туған, Воронеж облысы Новохоперск қаласы) – ғалым, философия ғылымдарының докторы (1969), профессор (1972). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 57 жылы Березовский ауылы шағын техникумында мұғалім,
1957 – 69 жылдары. Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық секторында,
1969 – 77 жылдары Мәскеу инженерлік-физика интернатында, КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясында ғылыми-педагогика қызметпен айналысқан.
1977 – 82 жылдары “Коммунист” журналы бас редакторының орынбасары болды,
1983 – 84 жылдыл КОКП ОК орындарында қызмет атқарған. Науменконың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – таным теориясы, диалектикалық логика, логика және ғылым методологиясы, философия тарихының мәселелері.
Науменко Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алған (1984). <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Сілтемелер
- Коммунист
- Мәскеу инженерлік-физика интернаты
- Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық секторы
Дереккөздер
<references/>