Лаура Сәйкенқызы Оразбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лаура Сәйкенқызы Оразбекова (1949 жыл 1 қаңтар Шымкент облысы Шәуілдір ауылы) - өнертанушы, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007).


Әкесі - Оразбеков Сәйкен Оразбекұлы, дәрігер болып жұмыс істеген. Анасы - Қожахметова Рашида Хасанқызы (1920 жылы туған), ҚазКСР Еңбек сіңірген мұғалімі.

  • Томск политехникалық институтының химия-технология факультетін (1971) инженер, химик-кибернетик мамандығы бойынша; И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының өнер тарихы мөн теориясы факультетін (1981) өнертанушы мамандығы бойынша; КСРО Көркемөнер академиясы жанындағы ҒЗИ аспирантурасын (1986) бітірген.
  • Өнертану кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Еуразия көшпенділері дәстүрлі өнерінің қазіргі бейнелеу өнері формаларында түрлендірілуі».
  • Өнертанушы. Кескіндемеші. Трансавангард стилінде жұмыс істейді.
  • «Шығармашылық», «Декоративтік өнер», «КСРО халықтарының өнері», «Өнөр» бүкілодақтық баспаларында, «Art Planet» және «New Letters» халықаралық журналдарында, т.б. жарияланған кітаптар, каталогтар, альбомдардың (1982-1998), сондай-ақ пластикалық өнердің ұлттық мұралары мәселелері және Қазақстан бейнелеу енерінің қазіргі мәселелері бойынша кептеген жарық көрген басылымдардың авторы.
  • «Ұлы қоныс оттары» атты (ЮСАИД желісі бойынша жоба, ЮНЕСКО істері женіндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен, 2001) компьютерлік форматтағы фильмнің авторы және жетекшісі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің желісі бойынша «Бейнелеу өнерінің өзекті мәселелеріне арналған іс-шаралар кешені» жобасының (2009) жетекшісі.
  • ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркемөнер сыншылары қауымдастығының мүшесі (АІСА) (1989), ҚР Ұлттық секциясын құрудың бастамашысы (АІСА).
  • Жұмыстары отандық және халықаралық көрмелерде экспонатталған (1996 жылдан), отандық және халықаралық галереяларда қойылған, ҚР Мұражайлар қорына кіреді.
  • Халықаралық конгрестердің (Париж, Осло, Вена, Тбилиси, Хельсинки, Лондон, Мәскеу, Берлин, Токио қалалары және т.б.), КСРО Көркемөнер академиясының, ҚР Ғылым академиясының, ҚР Көркемөнер академиясының, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының, Шығыс мұражайының (Мәскеу), Өзбекстан Ғылым академиясының, КСРО Суретшілер одағының желістері бойынша ғылыми тәжірибелік мәслихаттардың қатысушысы.
  • Қазақстандағы ландшафттық-экологиялық өнердің бірқатар жаңа түрлерін: «Trees of Live», белгілі мүсінші Френсис Каррдың қатысуымен (Англия), «Salt and Water», Испанияның радикалдық енерінің идеологы Валентин Фигарустың қатысуымен, «Katastrophics Kurdai», Амандос Ақанаевтың қатысуымен және «Stones Letters», Ботагөз Мырзалиеваның, Мария Тереза Бегиристайн (Испания) қатысуымен жүзеге асырған.
  • Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.
  • Бейнелеу енерінің түрі - өнертану, кескіндеме, арт-видео.
  • 1971 жылдан - Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме технологиясының оқытушысы. 1974 жылдан - ҚР Декоративті-қолданбалы өнер мұражайы қазіргі қолданбалы өнер белімінің меңгерушісі. 1976 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік енер мұражайы қазіргі қолданбалы өнер секторының меңгерушісі. 1987 жылдан - М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бейнелеу өнері бөлімінің ғылыми қызметкері. 1991 жылдан - «Ұласу-арт» галереясының директоры.
  • 2003 жылдан бері - «Shahar Культура» журналының кураторы.
  • Жұмыстары АҚШ, Қазақстан, Англия, Испания және басқа да елдердің жекеменшік коллекцияларында сақталуда.
  • КСРО (1980 жылдан), ҚР Суретшілер одақтарының мүшесі.
  • ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар және өнертанушылар қауымдастығы ҚР ұлттық секциясының президенті (АІСА).
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001). Республикалық «Астана-Бәйтерек-2005» конкурсының, Каспий маңы Республикалары бейнелеу өнері Халықаралық биеннале Гранприінің (Баку қаласы, 1989) лауреаты.
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2007).
  • Діни көзқарасы - дінге сенеді.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Төле би, Н.Ә. Назарбаев, Мөде хан, Петр І, Екатерина ІІ, Акбар.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қайта өрлеу - Ренессанс».
  • Хоббиі - эстетикалық терапия.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - Э.-А. По, А.А. Блок поэзиясы, тарихи жанрдағы шығармалар.
  • Тұрмыста. Жұбайы - Ақанаев Амандос, суретші.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub