Уэйк аралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Арал

Уэйк аралы (Үлгі:Lang-en) — Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде орналасқан атолл, АҚШ-ға тәуелді аймақ. Гавай аралдары мен Гуам аралының қақ ортасында орналасқан Уэйк аралы бастапқы кезде Апсон архипелагының құрамына кірген.

Жалпы аумағы - 6,5 км². Атоллды Уэйк аралы (биіктігі 6 м-ге дейін) және Уилкс және Пил атты майда аралдар құрайды.

Тарихы

Алғашқы рет атоллды 1568 ж. 20 қазанында испания саяхатшысы Альваро Менданья де Нейра ашқан. Елсіз аралдың еш қандай құндылығы жоқ болғаннан кейін, атолл алаңсыз ұмытылған.

1796 жылы ағылшын теңізші капитан У. Уэйк атоллды қайта ашады. Арал осы кісінің құрметіне аталған.

1840 жылы атоллды лейтенант Чарльз Уилкс басқарған америкалық әскери кеменің экспедициясы зерттеген. 1899 жылдың қаңтар айында атолл ешқандай мемлекетке қарамайтын аймақ деп АҚШ-мен аннексияланды.

1935 ж. Pan American Airways компаниясы атоллда АҚШ - Филлипин аралық аэродром салынды. Аэродром қызметкерлері үшін аралда ПААвиль кенті - Уэйк аралының алғашқы елді мекені салынды.

Қазіргі таңда (2009) аралда шамасы 150-дей адам тұрады. Олардың жартысы - әскери қызметкерлер.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Тәуелді аймақтар