Көпен Әмірбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көпен Әмірбеков (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

ҚазМУ-ді (1974) бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған.

1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. Мәскеу (1980) мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты. Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}