Күләш Сырымбетқызы Сәкиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күләш Сырымбетқызы Сәкиева (21 сәуір, 1920 жыл, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) – актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1958).

Өмірбаяны

Ойнаған рольдері

Алғашқы ойнаған рөлі – Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» трагедиясындағы Луиза. Бұдан кейін Еңлік (Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде»), Баян, Қыз Жібек (Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш – Баян сұлуында» және «Қыз Жібегінде») рөлдерін орындаған. 1952 жылы Семей драма театрында қызмет етіп, Мехмене Бану (Хикметтің «Махаббат туралы аңызында»), Жүзтайлақ (Әуезовтің «Түнгі сарынында»), Анар, Майра (Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» пен осы аттас драмасында), т.б. рөлдерді ойнады.

Қоғамдық қызметі

4-сайланымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Марапаттары

2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Жамбыл облысы энциклопедиясы. Алматы, ISBN 9965-9389-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}