Иірсу-Дәубаба қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иірсу-Дәубаба қорықшасы – республикалық маңызға ие зоологиялық қорықша.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының жерінде 19 мың га жерді алып жатыр. Талас Алатауының қиыр батысындағы тау жоталарында (биіктігі теңіз деңгейінен 1800 метрге дейін) орналасқан.

Жер бедері адырлы-шоқылы болып біткен. Бетегелі далада астық тұқымдастары мен шалғындық шөптесін өсімдіктер және бұта (итмұрын, долана, ырғай, т.б.) өседі. Қорықшаның жер бедері сай-салалы, ойысты, құлама жарлы келеді. Сайлы жерлерде әр түрлі жеміс ағаштары (алма, шие, т.б.) мен шағын ормандар кездеседі.

Жануарларданелік, қасқыр, түлкі, қызыл суыр, сібір таутекесі, т.б. мекендейді. Құстардан кекілік көп, ал өзендерінде көкбас пен қаяз балықтары кездеседі. Қорықшада сирек кездесетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, жұртшы, қара дегелек, Тянь-Шань қоңыр аюы, үнді жайрасы, әсіресе, Мензбир суыры қорғалады.

2006 жылы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің құрамына кірді.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}