Үнді жайрасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Үнді жайрасы (Үлгі:Lang-la) - сирек, таралу аймағы тарылып, саны азайып жатқан кеміргіш. Оңтүстік Маңғыстауда, Тянь-Шаньда, Сырдария Қаратауы мен Шу-Іле тауларында таралған. Тау бөктерлерінің тілімделген учаскелері мен аласа тауларды, сол сияқты биіктігі теңіз деңгейінен 2000 м - ге жететін тауларда мекендейді. Қазақстанда саны аз; санының азаюынының негізгі себептері - қалың қар, топырақ бетінің терең қатуы, адам баласының шектен тыс шаруашылық қызметі. Алматы хайуанаттар паркінде 1982 және 1983 жылдары өсіп-өнді. Таралуы мен сан мөлшерін анықтау қажет<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references />