Жұртшы
Жұртшы (Үлгі:Lang-la) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын Жұртшылар туысының (Үлгі:Lang-la) бір жалғыз түрі, жыртқыш құс.
Қазақстанда Тянь-Шань тауының сілемдерін, Үстірт пен Маңғыстаудың құлама жарларын мекендейді. Дене тұрқы 58 – 66 см, қанатының ұзындығы 1,6 – 1,7 метр (жайғанда), салмағы 2,1 – 2,4 килограмм. Тұмсығы ұзын әрі өте жіңішке болады. Ересектері сұрғылт түсті, қанаттарының шетінде қара жолақтары бар, басы мен жемсауы қауырсынсыз, тықыр. Балапандарының түсі – қоңырқай. Үнсіз, қалықтап ұшады. Жыл құсы. Сәуірде келіп, құз, жыраларға ұялайды. Сәуірдің аяғында ұябасары 1 – 3 жұмыртқа салып, 40 – 42 күн басады, балапандары 2 айдан соң ұядан ұшады. Қыркүйекте жылы жаққа қайтады. Оңтүстік және Орта Азияда қыстайды. Әр түрлі өлексе қалдықтарымен, ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, пайда да келтіреді. Жұртшы – өте сирек кездесетін құс. Ақсу-Жабағылы, Үстірт қорықтары мен “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында қорғалады. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).
Мазмұны
Статусы
3-ші санат. Сирек кездесетін түр, саны қысқаруда.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Туыстың Қазақстан фаунасындағы бірден-бір өкілі.
Таралуы
Африка, Оңтүстік Еуропа, Аравия, Кіші Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан; Орта Азия таулары. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауының сілемдері, Үстірт пен Маңғыстаудың құздарында, солтүстік ендіктің 46-на дейін кездеседі. Үндістан мен Африкада қыстайды <ref>Корелов, 1962</ref>.
Мекендейтін жерлері.
Аласа шөлді таулардың жартасты учаскелері не ірі жоталардың құрғақ бөктерлері, үстірттәрізді шөл биіктерінің құздары және үлкен жазық кеңістікпен шектесетін өзен жайылмаларының тік жарлары, елді мекендер маңында да кездеседі <ref>Красная книга Казахской ССР, 1978</ref><ref>Дементьев, 1951</ref>. Мысалы, бір ұя Жамбыл фосфор заводына жақын, аса газданған, терең сайдан табылған <ref>Колбинцев, 1991а</ref>.
Саны
Республиканың барлық жерінде көп емес. Тура деректер жоқ, десе де ұялау кезінде кездесетін бірен-сарандарына және бұл құстардың үлкен шоғыр құрмайтынын (мұндай жиылу ақбас құмайлар мен тазқараларға тән) ескере отырып, Қазақстанда жұртшылардың саны ондаған не бірнеше жүз ұялайтын жұбы бар деп айтуға болады <ref>А. Ф. Ковшарь, личн. сообщ.</ref>.
Негізгі әсер ететін факторлар
Қаскерлік (браконьерство). Өлекселердің қасына қойған қақпанға түсіп, уланған шақыртқы жеп өлім-жітімге ұшырау. Басқа жыртқыш құстармен (ителгі, бүркіттер) ұялайтын жер үшін бәсекелестік.
Биологиялық ерекшеліктері
Наурыздың аяғы – сәуірдің басында ұшып келеді, қыркүйектің аяғында ұшып кетеді. Жұбы көп жылдар бойы жазылмайды. Ұялары жартастардың қуысы мен ернеуінде, оны екі құс бірігіп құрғақ бұтақтардан, сүйектерден, шүберек, жүннен салады. Ұялау учаскесінде 3-4 ұя да болады, оларды кезектесіп пайдаланады. Ұяда 1-3, әдетте 2 жұмыртқа сәуірдің аяғында пайда болады, оларды екеуі бірге шайқайды, балапандары 42 күнде жұмыртқадан шығады, ұяны 12 аптадан соң тастайды <ref>Harrison, 1975</ref>. Жабайы және үй жануарларының өлекселерімен, қиларымен, жуындылармен қоректенеді, кейде – бауырымен жорғалаушыларды аулайды.
Қолда өсіру
Алматы хайуанаттар паркінде 4 құс бар, оның ішінде 1 жұбы көбеюде, олардан 1987 жылы алғашқы балапан алынған.
Қабылданған қорғау шаралары.
Ақсу-Жабағылы және Үстірт қорықтарында, Алтынемел ұлттық паркінде қорғалады.
Қажетті қорғау шаралары
Қаратауда және Іле өзенінің аңғарында қорықтар ашу, қаскерлермен күрес және жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Уланған шақыртқыларды қолдануды шектеу жайында жұмыстарды дайындау қажет.
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Жұртшыларды жасанды ұяларға үйрету, соның ішінде Қазақстанның оңтүстігіндегі елді мекендерде, мүмкіндігін зерттеу.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>