Жәннәт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Jan Bruegel d. Ä. 003.jpg
Жәннәт сүреті Иан Брюгель бойынша.

АЛЛАХ ТАҒАЛА уәде еткендей сүйікті құлдарын жөнелтетін қайғысыз қамсыз әлем ЖӘННӘТ Осы дүниеде иман келтірген бес парызын өтеген Аллах тағаланың сүйікті құлдарының санатында болған жандар бұл дүниеден өткенде ЖӘННӘТТӘ болады Қәсиетті ҚҰРАН содан соң СҮННЕТ сол қайғысыз қамсыз ЖӘННӘТҚА бастайтын сенімді көш


Жәннәт (Ерте парсы тілі: pairidaeza) және (парсы тілінде: pardis). Жәннәт пен Жаһаннамның бар екенін Қасиетті Құран Кәрімді оқу арқылы танып-білуге болады. Жәннат, Жаннат, Жәннәт — діни түсініктегі адам жанының о дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. Жәннат туралы түсінік жанның о дүниелік өмірі туралы алғашқы діни сенімдерден бастау алады. Тәуратта (Көне өсиет) Жәннат алғашында Адам ата мен Хауа ана тұрып, кейін күнәлары үшін қуылған ғажайып бау-бақша түрінде суреттелген. Інжілде (Жаңа өсиет) Жәннат туралы түсінік дінге сенушілердің өлгеннен кейін қайтып оралатын орны ретінде сипатталған. Көптеген діндерде Жәннат рахаты күнаҺарлардың тозақта тартатын азабына қарсы қойылады. Жәннат — ислам дінінде адал мұсылмандардың о дүниедегі мәңгілік мекені ретінде суреттеледі. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімдегі Зүмәр сүресінің 72 — 73-аяттарында былай деген. “Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жәннатқа жолданады. Сондай-ақ, олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: “Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жәннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер” дейді. Ислам хадистерінде Жәннаттың 8 түрі аталады: дар ул-жалал (ақ маржанмен безендірілген); дар ус-салам (қызыл тастардан тұратын); жаннат ул-мағуа (жасыл асыл тастардан жасалынған); жаннат ул-қулт (сары маржан тастардан жасалынған); жаннат ул-нағим (ақ күмістен жасалған); дар ул-қарар (қызғылт алтыннан жасалынған); жаннат ул-фердаус (күміс, алтын, асыл маржан тастардан жасалынған); ғадын (ақ асыл тастан тұратын).<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясыzh:天堂