Тозақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тозақ - мұсылмандық акырзаман туралы ілімде күнәһарлар мен дінсіздердің о дүниеде жазаланатын орны. Тозақ азабын бейнелеу Құран Кәрім аяттары мен уағыздарында кеңінен орын алды. Тозақ құрбандары отқа жанатыны, отты шынжырлармен бұғауланып, қатты азап шегетіні айтылады. Біз оларды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты тартулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз «Олардың тамағы - жаһаннам түбінде өсетін заққұм ағашы. Сусыны - ішек-қарынды тілетін, қайнап тұрған сасық су. Оны жұтуға тырысады, бірақ тамағынан өткізе алмайды, сонда оған әр тараптан ажал келеді. Ол өле алмайды, оның артынан тағы ауыр азап келеді» деген сияқты Тозақтағы шексіз азаптың сипаттаулары бар. Күнәһарлардың жазасының ауыр-жеңілдігіне қарай Тозақтың әртүрлі қабаттарында орналасатындықтары, Тозақты періште сақшылар күзететіні және оның бас сақшысы Мәлік есімді пері екендігі жайлы мұсылман аңыздарында кеңінен баяндалады. Тозақты сипаттау оның жаратылуы, оның барлығына сену, Құдайдың құдіретте, рахымы мен қаһарына лайықтылығы, кейбір адамдардың Тозаққа лайықтылығы немесе жазасының ауырлығы мен ұзақтығы жайлы мұсылман теологиясында көптеген сан алуан пікірлер мен әдебиеттер бар. Тозақты бейнелеудің рәміздік бейнеленуі жайлы да көптеген көзқарастар кездеседі. Тозақтын бейнелі тілде сипатталу себебін Ш.Құдайбердіұлы құрсақтағы балаға бұл дүниені ұғындырудың қиындығы мен о дүниені осындағы адамға ұғындырудың қиындығына балап түсіндіреді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub