Жұмабай Біләлұлы
Жұмабай Біләлұлы (1940 жылы туған, Қытай, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы) – Қытай қазақтары арасынан шыққан жазушы. Шыңжаң университетін бітірген (1962). Қытайдағы 20 ғасырдың 60 – 70-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зардабын тартып, 10 жыл айдауда болған. 1979 жылы ақталған. Шәуешек қаласында шығатын “Тарбағатай” журналында әдеби редактор, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Еңбектері
“Жондағы жорықтар”, “Дала торғайлары”, “Кіндіктестер”, “Кешкен күндер”, “Қоңыр таудың күңгірі”, “Ата дәулеті”, “Ақселеу” атты роман, әңгіме-повесть жинақтары жарық көрді.
Наградалары
Екі мәрте Қытай мемлекеттік әдеби сыйлығының иегері (1982, 1990).<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>