Шәуешек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Vereshchagin-Ruins-of-the-Theater-in-Chuguchak.jpg
Орыс суретшісі Василий Васильевич Верещагинның «Шәуешектегі театрдың қирандылары» (1869-70) атты суреті.

Шәуешек (Үлгі:Lang-kz, Үлгі:Lang-ug, Үлгі:Lang-zh; пинйін: Tǎchéng — Тачең) — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы‎ндағы қала. Шәуешек округі (Үлгі:Lang-zh) Іле Қазақ автономиялық облысына кіреді. Бұрынғы кездері бұл қала мен оның округі Ресейде Тарбағатай (ұйғырша:Үлгі:Unicode) деп аталған.

Географиясы

Шыңжаңның солтүстістік бөлігінде, Тарбағатай жотасының етегінде орналасқан.

Қаланың батысында, оны Шығыс Қазақстан облысымен байланыстыратын жолдың бойында, одан 17 шақырым қашықтықта «Бакту» (巴克图) шекаралық бақылау-өткізу бекеті орналасқан. Оның Қазақстан жағы «Бақты» деп аталады.<ref>Сухопутный (автодорожный) КПП «Бахты»</ref>

Халқы

Бүкіл Шәуешек округінің ауданы 98 824 шаршы километрді құрайды, тұрғындарының саны 892 397 жан (2000). 2000 жылғы санақ бойынша округтің ұлттық құрамы төмендегідей болған:

Ұлты Саны Округ халқындағы үлес салмағы
қытайлар 522.829 58,59%
қазақтар 216.020 24,21%
дүңгендер 66.458 7,45%
ұйғырлар 36.804 4,12%
моңғолдар 29.759 3,33%
дұңсяндар 5.500 0,62%
даурлар 4.533 0,51%
орыстар 2.948 0,33%
қырғыздар 1.870 0,21%
сібе 1.536 0,17%
басқалар 4.140 0,46%

Шәуешек қаласының өзінде 1994 жылы бағаланғандай 56 400 адам тұрған.

Даурлар мен сібелер Шәуешек округіне Қиыр Шығыстан 1764 жылдары Қытайдың батыс шекарасын бекіту мақсатымен көшірілген.

Шәуешектегі Православ шіркеуі Мәдени төңкеріс кезінде қиратылған болатын, енді жергілікті орыс қауымдастығының серкелері оны қайта тұрғызуға жергілікті билік орындарынан көмек сұрауда.<ref>XINJIANG: Security service investigation followed Orthodox priest's deportation (September 2004) Үлгі:En icon</ref>

Экономикасы

Тарихы

19-шы ғасырда бұл қала Ресей мен Қытайдың арасындағы маңызды сауда-саттық орталығы болған.

1865 жылы дүңген көтерілісінің кезінде қала қатты қираған.<ref>В.А. Моисев «Россия и Китай в Центральной Азии (вторая половина XIX в. — 1917 жж.)» ISBN 5-93957-025-9. Глава 3. МУСУЛЬМАНСКИЕ ВОССТАНИЯ В СИНЬЦЗЯНЕ И ПОЛИТИКА РОССИИ. 1864-1871 жж. Үлгі:Webarchive</ref>

Сілтемелер

<references/>Үлгі:Stub