Жел өтіндегі аралдар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жел өтіндегі аралдар — Вест-Үндістан аймағында орналасқан, жанартаулар әрекетінен пайда болған топаралдар. Кіші Антиль аралдарының шығыс бөлігін алып жатыр. Жалпы аумағы 6 мың км²-ге жуық. Халқының саны 1 млн-нан асады. Ірі аралдары:
Олар Ұлыбритания, Франция және Нидерланд мемлекеттерінің қарамағында. Жер бедері, негізінен, таулы. Ең биік жері Гваделупа аралында (1489 м). Аралдарда жанартаулық процестер дамыған. Климаты тропиктік. Адам әрекетінен табиғи өсімдіктер түгелімен дерлік жойылған. Олардың орнын қант құрағы, цитрусты өсімдіктер, мақта, какао, банан алқаптары алмастырған. Басты қалалары: Фор-де-Франс (Мартиника аралында), Бас-Тер (Гваделупа аралында). <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>
Дереккөздер
<references/>