Доминика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Мемлекет

Доминика, Доминика Достастығы - Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобындағы Доминика аралында орналасқан мемлекет. Доминиканың солтүстік-батысында Гваделупа, ал оңтүстік-шығысында Мартиника орналасқан. Аумағы 754 км² болатын аралдағы тұрғындар саны - 72500. Астанасы - Розо қаласы.

Географиясы

Үлгі:Main

Доминика - жанартаулық арал. Ол таулы, аумағында бірнеше жанартаулары бар. Ең биігі - Дьяблотен (1447 м) жанартауы аралдың ең биік нүктесі болып табылады. Қазіргі кезде Доминикада сөнбеген жанартаулар жоқ, бірақ жанартаулық іс-әрекетті гейзерлер, ыстық бұлақтар, қайнаулы суы бар шағын көлдерден байқауға болады. Жағалаулары - қара және сары құмды жағажайлар. Доминиканы кейде "Кариб теңізі табиғатының аралы" деп аталуынан-ақ, оның табиғи сұлулығын байқауға болады. Доминика - Кіші Антиль аралдар тобындағы жанартаулық іс-әрекеттен пайда болған аралдардың ішіндегі ең жасы. Аралда кейбір сирек кездесетін эндемиктердің, құстар мен жануарлардың үйі болып саналатын табиғаты алуан түрлі тропикалық ормандар бар. Аралдық ұлттық құсы - Sisserou попугайы ел байрағында белгіленген. Доминика экономикасы, көбінше, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларына тәуелді. Христофор Колумб аралды оны ашқан күннің құрметіне, жексенбі (Үлгі:Lang-la) 3 қараша 1493 жылы деп атаған. Келесі ғасырлар бойы Доминика қалған әлемнен шеттетілген күйінде қала берді. Арал аумағында өз билігін жариялаған Франция 1763 жылы иелікті Біріккен Корольдікке берді. Біріккен Корольдік Доминиканы 1805 жылы толықтай коллонияға айналдырды. 1838 жылы Доминика алғаш британдық карибтік коллонияға айналды. 1958-1962 жылдар аралығында Доминика ғұмыры ұзақ болмаған Вест-Индия Федерациясының құрамдас бөлігі болды. 1978 жылы Доминика Достастығы толықтай тәуелсіз мемлекет болды.

Саяси құрылымы

Мемлекеттік құрылым

Республика, президентті парламент таңдайды. Парламент 32 депутаттан құралады, оның ішінде 21-і жалпыхалықтық сайлау арқылы таңдалады, 9-ы тағайындалады, және 2-ерекше қызмет. Негізгі саяси партиялары:

Тағы да парламентке енбеген Доминика Еркіндік Партиясы, Доминика Халықтық қозғалысы сияқты партиялар бар. 2008 жылы Доминика ALBA (Alternativa Bolivariana para las Americas) ұйымына кірді. Ол ұйымға бұрынырақ қатаң антиамерикалық саясат ұстанатын Венесуэла, Куба, Боливия, Гондурас және Никарагуа кірген болатын.

Әкімшілік бөлініс

Доминика он иелікке бөлінген:

  1. Сент-Эндрю
  2. Сент-Дэвид
  3. Сент-Джордж
  4. Сент-Джон
  5. Сент-Джозеф
  6. Сент-Люк
  7. Сент-Марк
  8. Сент-Патрик
  9. Сент-Пол
  10. Сент-Питер

Халқы

Халық саны — 72,8 мың (2010 жыл, шілде). Жылдық өсу пайызы — 0,2 % . Орташа өмір сүру ұзақтығы — ер адамдарда 73 жас, әйелдерде 79 жас. Қала тұрғындары — 74 %. Ересек тұрғындардың сауаттылығы — 94 % ( 2003). Ұлттық-нәсілдік құрамы: негрлер — 86,8 %, мулаттар — 8,9 %, үнді-кариб — 2,9 %, ақтар — 0,8 %, басқалары — 0,7 % ( 2001 жылғы жазбалар бойынша).

Діндер: католиктер — 61,4 %,  жетінші күн адвентисттері — 6 %, елуліктер — 5,6 %, баптисттер — 4,1 %, методисттер — 3,7 %, Құдай  шіркеуі — 1,2 %,  Иегова— 1,2 % , өзге христиандықтар — 7,7 %, растафариандықтар — 1,3 %, басқалары — 1,6 %, атеисттер — 6,1 % (2001 жылғы жазбалар бойынша).

Мемлекеттік тіл - ағылшын тілі, француз тіліне ұқсас жергілікті патуа тілі де кең таралған.

Табиғат жағдайы

Елдің жер бедері таулы. Аралда бірнеше сөнбеген жанартау бар. Дьяблотен жанартауы (1147 м) — Доминиканың ең биік нүктесі. Аралда ыстық көлдер бар. Тау бөктерлерінен ұсақ өзендер мен бұлақтар ағып жатыр.
Доминика тропиктік, пассаты, өте ылғалыды климаттық белдеуде жатыр. Жылдық орташа температура +25°С — +28°С. Шілдеден қазанға дейін жаңбырлы маусым, жылдық жауын шашын мөлшері 1500-2000 м.
Аралдың табиғи ресурстары: қыш, пемза (кеуек тас), әк.

Экономикасы

Доминика экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығының негңзгі дақылдары: какао, сабын, банан, цитрусты жемістер.
Импорт: көлік құралдары, электр құралдары, минералды жанармай, өнеркәсіп өнімдері, халақ тұтынатын тауарлар, азық-түлік.
Негізгі экономикалық әріптестері: АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Жапония, Оңтүстік Корея, Тринидад, Тобаго және т.б.
Ақша бірлігі — шығыс кариб доллары.

Білім беру жүйесі

Аралдың Клифтон Дупинг Колледжі деп аталатын өз мемлекеттік колледжі бар. Кейбір доминиктіктер жоғарғы білімді Кубада алады. Басқалары жоғарғы білімді Вест-Индия немесе Біріккен Корольдік, Біріккен Штаттарында немесе сапалы жоғарғы білім бере алатын басқа елдерде оқиды. Росса Университеті, әскери-медициналық мектеп, Портсмутте орналасқан. Доминикада білімге байланысты арнайы мейрам да бар: ұлттық сауаттылық күні<ref> United Nations Development Programme</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер