Мартиника

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

МартиникаКариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобына кіретін, Францияның иелігіндегі аумақ. Жері 1,128 мың км². Халқы 385 мың (1999). Әкімш. орт. — Фор-де-Франс. Ресми тілі — француз тілі. Халқының негізгі бөлігін Африкадан әкелінген құлдардың ұрпақтары құрайды. Тұрғындарының көпшілігі — христиан-католиктер. М-ны Франция президенті тағайындаған префект басқарады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары — құрамы 45 мүшеден тұратын Бас Кеңес пен 41 мүшесі бар Аймақтық кеңес. Француз парламентінің құрамында М-дан сайланған 4 депутат пен 2 сенатор бар. Ақша бірлігі — еуро (2004). М. аралы негізінен вулкандық жыныстардан құралған. Ең биік жері — Монтань-Пеле (1397 м.) Климаты тропиктік, пассаттық. Айлық орташа температурасы 24 — 27°С. Жаңбырлы мерзім шілде айынан қарашаға дейін созылады. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1500 — 2000 мм-ге тең. М-да тропиктік ормандар (пальма, нан ағаштары) көп. М. аумағын ежелгі заманнан дейінгі тарихы аз зерттелген. М. аралын 1502 ж. Христофор Колумб ашты. 1635 жылдан аралды француздар отарлай бастады. Жергілікті үндіс-карибтер тонаушылық пен қырғынға ұшырады. Отаршылдар плантацияларда жұмыс істеу үшін Африкадан құл-негрлер әкелді. Құлдар көтерілісін отаршылдар қаталдықпен басып отырды. М-да мақта, темекі өсірілді. 17 ғ-дың соңы мен 18 ғ-дың бірінші ширегінде М-да қант құрағы, кофе плантациялары пайда болды. 1794 ж. ақпанда конвенттің арнайы декретімен аралдарда үндіс тайпалары мекендеді. Олардың орта ғасырларға құлдық жойылды. 1794 — 1802 ж. және 1809 — 1814 ж. аралығында М-да уақытша ағылшындардың билігі орнағанымен, кейін қайтадан Францияға қайтарылды. 1870 ж. арал халқының сайлау құқығы метрополия азаматтарының құқықтарымен теңестіріліп, Франция парламентінен М-ға өкілдік орын берілді. 1900 ж. М. қаржылық дербестікке қол жеткізді. 20 ғ-дың басынан елде әр түрлі саяси партиялар мен ұйымдар жұмыс істей бастады. М. халқының отаршылдық тәртіпке қарсы қажырлы күресінің нәтижесінде 1946 ж. аралға “теңіздің арғы жағындағы Франция департаменті” мәртебесі берілді. М. экономикасының негізгі саласы — а. ш. Қант құрағы, банан, ананас, кофе, какао, темекі, мақта өсіріледі. Балық аулау, мал ш. біршама жақсы дамыған. Қант, спирт-ром, консерв, шоколад шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Экспортының 90%-ын жеміс, қант, ром сату құрайды. Сырттан өндірістік шикізаттар, машина мен өнеркәсіп құрал-жабдықтары, азық-түліктің кейбір түрлері әкелінеді. Негізгі сауда серіктесі — Франция.

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Страны мира сегодня, т. 2, Америка, М., 2004. Ә. Чупеков
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мартиника|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}