Желтоқсан көтерілісі
Үлгі:Infobox uprising Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылғы 17–18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.<ref>[1] Үлгі:Webarchive Желтоқсан – оқиға емес, көтеріліс!</ref>
Мазмұны
Себептері
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Геннадий Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. <ref> Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 жылғы жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Көтеріліс хронологиясы
Нұрсұлтан Назарбаевтың естеліктері бойынша, ол Колбиннің кабинетінен шыққаннан кейін алаңға бет алды. Бұл сәт ол үшін өмірді «дейін» және «кейін» деп бөлу нүктесі болды. Алаңда қарама-қайшылық қақтығыс басталды, онда екі тарап келіссөзге келуге дайын болмады. Бір тарап наразылық білдірушілерді айыптады, екінші тарап тастар мен мұз кесектерін пайдаланды. Күш қолдану наразылық білдірушілерден басталғанына қарамастан, полиция мен барлау агенттіктері оларды қатаң жазалау шараларын ақтау үшін агрессивті әрекеттерге итермеледі. 17 желтоқсанда кешке жағдай ушығып кетті. Орталық Комитеттің кабинеттерінің бірінің терезесіне зымыран тасығыштан оқ атылды, бұл өрттің басталуына әкелді. Бұл наразылықтарды басу үшін қатаң операцияны бастауға себеп болды. Назарбаев арандатуды арнайы қызметтер ұйымдастырды деп мәлімдейді, себебі олар наразылық білдірушілерге зорлық-зомбылық тудыру үшін қару-жарақ берген болды.<ref name=omirim>Үлгі:Кітап</ref>
17 желтоқсан
17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады. Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті. Олардың басым бөлігі Мәскеудегі билік жариялаған қоғамды қайта құру (1985 ж.) ұрандарына сеніп, сондай-ақ Конституциялық құқықты пайдаланып өздерінің еркін білдіруге шыққан студент және жұмысшы жастар болатын. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан
Алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2 401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Осы көтерілісте қаза болғандар екі адам Ербол Сыпатаев пен Савицкий делінген, алайда, кейіннен 26 желтоқсанда Өскемен қаласында тергеушілердің қорқытуы салдарынан жатақхана терезесінен секіріп Сәбира Мұхаметжанованың, көтеріліс кезінде басына тиген соққыдан 1987 жылдың 18 наурызында Қараспан ауылында (Оңтүстік Қазақстан облысы) Кенжегүл Молданазарованың, 1988 жылы 21 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбековтың қаза болғаны анықталды. Қаза болғандар қатарында Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова бар. Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзақұл Әбдіқұловқа берілген ату жазасы халықаралық қауымдастықтың қарсылығы нәтижесінде кейіннен 20 жылдық абақтыға алмастырылды. Қ Рысқұлбеков белгісіз жағдайда Семей абақтысында өлтірілді.
Алматыдағы көтеріліске ұласқан бейбіт шерудің жалғасы ретінде Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті. Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281-і ұсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімге сотталды.
Куәгерлердің естеліктері
Тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
Нұрсұлтан Назарбаев мемуарында Желтоқсан оқиғасынан кейінгі бірқатар қорытындыларды атап өтті:
Желтоқсан көтерілісі туралы
Кино
- "Аллажар", Желтоқсан көтерілісінің бар көрінісін Қаллдыбай Әбеновтың осы фильмінде керемет баяндалады. <ref>[2], YouTube Сервисі</ref>
Қаллдыбай Әбенов
1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен фильмді Желтоқсан оқиғасына қатысқан, түрменің азабын шегіп келген уыздай жастарымыздың айтқан әңгімелері, бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыздарын шырылдата сабап жатқан жерлерін өздерінің айтуларымен жасадым. Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым. <ref>http://qazaq.kz/?p=2020 Үлгі:Webarchive «Аллажар» фильміне қамқорлық қажет</ref>
Әндер
- Желтоқсан оқиғасына арналған екі ән кең танымал болды: «Желтоқсан желі», «Қарабауыр қасқалдақ».<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Әдеби шығармалар
Айқараңғысы - Тұрысбек Сәукетаевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы романы <ref>«Айқараңғысы» – Желтоқсан оқиғасы туралы роман </ref>.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Желтоқсан эпопеясы (Жалғасы. Басы өткен санда) ДҮРБЕЛЕҢ Үлгі:Webarchive
- Желтоқсан эпопеясы (Басы. Жалғасы келесi сандарда) Үлгі:Webarchive
- Арнайы комиссия құрылса. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА Үлгі:Webarchive
- Қазақ зиялыларының ашық хаты
- Желтоқсанға - 25 жыл
- Қайсар қызы сен қазақтың!
- Қайраттың хаты Үлгі:Webarchive