Геннадий Васильевич Колбин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Геннадий Васильевич Колбин (7 мамыр 1927, Свердлов облысы – 19 қаңтар 1998, Мәскеу) – саяси қайраткер. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы (1986 – 1989).
Өмірбаяны
Нижний Тагил Тау металлургия техникумын (1947), Урал политехникалық институтын (1955) бітірген.
- 1947 – 54 ж. және 1957 – 58 ж. Нижний Тагилдегі қорғаныс кәсіпорнында конструктор-технолог, технология бюроның бастығы, бас инженердің орынбасары,
- 1956 – 57 ж. Урал политехникалық институтында аспирант болды.
- 1959 – 70 ж. Нижний Тагилдегі Ленин ауданында екінші, бірінші хатшы, қалалық партия ұйымының екінші, бірінші хатшысы, 1970 – 75 ж. Свердловск облысы партия комитетінің үшінші, екінші хатшысы,
- 1975 – 83 ж. Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы,
- 1983 – 86 ж. Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.
- 1986 – 89 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы,
- 1989 – 90 ж. КСРО Халықтық Бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А. Қонаевтың орнына келді. Оның билігі кезіндегі қысымда қазақтардың ұлттық санасы көтеріліп,
- 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы белең алды. Қазақтар республикадағы жетекші ұлтқа айнала бастады. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (Қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар). Бірақ бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қазақстандағы саяси жағдайдың одан әрі ушығуынан қауіптенген КОКП ОК К-ді Мәскеуге алдыртып, орнына Н.Назарбаевты қоюға мәжбүр болды.
Марапаттары
- Екі рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Аяганов Б., Государство Казахстан: эволюция общественных систем, А., 1993; Первые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности), А., 1998; Ғали Ә., Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның бірінші басшылары, Аст., 2001.</ref>
Дереккөздер
Сілтемелер
Үлгі:Қазақстан Компартиясы ОК басшылары (1920—1991)Үлгі:Stub