Жазғы Олимпиада ойындары 1896

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Олимпиада ойындары Жазғы Олимпиада ойындары 1896 (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-fr, Үлгі:Lang-el; ресми атауы — I Олимпиаданың ойындары<ref name="МОК">Үлгі:Cite web</ref>; өткізілу кезінде I Халықаралық Олимпиада ойындары деп аталған<ref name="Маллон 64">Билл Маллон и Тур Видланд. «The 1896 Olympic Games: results for all competitors in all events, with commentary». 1998. Стр. 64</ref>) — қазіргі заманғы алғашқы жазғы Олимпиада ойындары. Афина (Грекия) қаласында 1896 жылдың 6 - 15 сәуір күндері аралығында өткізілді. Жарысқа 14 елден келген 241 спортшы қатысқан, әйелдерге жарысқа қатысуға рұқсат етілмеді.<ref name="МОК" />

Бұл Ойындардың қазіргі ойындардан көптеген айырмашылықтары бар — Олимпиада оты және алтын медальдарды тапсыру рәсімі сияқты дәстүрлер болған жоқ.<ref name="МОК" />.

Тарихы

ХІХ орта тұсында Грекияда Олимпиада ойындарын қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. 1890 жылы Олимпиадалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертен 1500 жыл үзіліп қалған доданың замануи үлгіде ұйымдастырылуына үлкен септігін тигізеді. Нәтижесінде 1894 жылы Халықаралық Олимпиада Комитеті құрылады. Ал араға екі жыл сала бірінші Олимпиада ойындары Грекияның Афины қаласында өтеді.

Ұйымдастырылуы

Тұңғыш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындары 6-15 сәуір аралығында өткен. Ашылу салтанатын ағылшындар ұйымдастырған. Ал додаға 13 мемлекеттен (Австро-Венгрия бөлек команда ретінде, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Италия, АҚШ, Франция, Чили, Швейцария, Швеция) 241 спортшы қатысқан. Барлығы 9 спорт түрі (грек-рим күресі, велоспорт, гимнастика, жеңіл атлетика, суда жүзу, нысана көздеу, теннис, ауыр атлетика, семсерлесу) бойынша жеңімпаздарды анықтаған. Ал жарыстағы ең ерекше спорт түрі ретінде марафон бағаланған. Бірінші болып келген грек елінің желаяғы Спиридион Луисқа патшаның өзі Грекиядағы ең жоғарғы атақты сыйлаған.

Алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында бейресми командалық есеп бойынша гректер алдына жан салмаған. Олар барлығы 46 медаль иеленген. Екінші орынға 11 медальмен АҚШ құрамасы орналасқан. Бір қызығы, Афины қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталған, ал 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйланған. Ал дәл қазіргідей алтын, күміс және қола медаль сыйлау – 1908 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарынан бастау алады.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындарынан кейін бұл доданы төрт жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданады. Төрткүл дүние көз тігер дода соғыс жылдары кезінде ғана аздап тоқтап қалғанымен, кейіннен өз жалғасын тауып кетті.

Ойындар күнтізбесі<ref>Официальный отчёт об Играх, часть 2, стр. 56—118</ref>

 ●  Ашылу салтанаты  ●  Жарыстар квалификациясы  ●  Жарыстар финалы  ●  Жабылу салтанаты
Сәуірдің 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Медальдар
Ресми салтанаттар
Күрес 1 1 1
Велоспорт 1 3 1 1 6
Жеңіл атлетика 5 5 1 5 16
Жүзу 4 4
Спорттық гимнастика 6 2 8
Нысана көздеу 1 1 1 3 1 6
Теннис 1 1 2 2
Ауыр атлетика 2 2
Семсерлесу 2 1 3
Медальдар 5 9 1 9 8 13 2 1 48
Сәуірдің 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

Қатысушы мемлекеттер

Сурет:1896 Olympic games countries.PNG
Алғашқы Олимпиада ойындарына қатысқан мемлекеттер. Сары нүктемен Афины қаласы көрсетілген.

Медальдар санағы

Медальдар санағы қорытындысы
Орны Ел Алтын Күміс Қола Барлығы
1
20px АҚШ
11
7
2
20
2
20px Грекия
10
17
19
46
3
20px Германия
6
5
2
13
4
Үлгі:FRA
5
4
2
11
5
Үлгі:GBR
2
3
2
7
6
20px Мажарстан
2
1
3
6
7
20px Аустрия
2
1
2
5
8
Үлгі:Flagicon Аустралия
2
0
0
2
9
Үлгі:DEN
1
2
3
6
10
Үлгі:SUI
1
2
0
3
11
Аралас құрама
1
1
1
3

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Navbox